12.09.2023 15:38:27

Литвадан шақырылған сарапшылармен бірге "Дамуында көп бұзылыс бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері" семинары өтті!

Семинардың екі күні қызықты өтті!

Бұл екі күн жаңа тәжірибеге және әріптестердің қызу қарым-қатынасына толы болды, бұл жерде біз есту, көру мүмкіндігі жоқ ең күрделі санаттағы балалар туралы, менталдық және физикалық бұзылулары бар балалар туралы ой бөлістік, Литвадан шақырылған сарапшылар еш шүбәсіз – ӘР БАЛАҒА МЕКТЕПТЕ ОРНЫ ТАБЫЛУЫ КЕРЕК деді!


Осы екі күндік жұмыс барысында аталмыш постулаттың кәсіби тұрғыда түйсінілуі туралы көбірек айтылды. Кілт тек жаңа әдістерде, тіпті мүлде оларда емес болуы керек, кілт оның болашақ өмірінде тәуелсіз болуға мүмкіндік беретін нәрсені дамыту мен үйрету қажеттіліктерінен бастау алатын мамандардың әр балаға көмектесуге және жағдай жасауға деген ұмтылысында болып тұр.


Біз сарапшыларға, Дана Мигалева мен Лайма Микуленайтеге, өздерінің бай практикалық және жеке тәжірибелерімен бөліскені үшін, кәсіби өсу жолында берген осы бір серпін үшін шын жүректен ризамыз! Барлық мамандарда жаңа тәжірибелер мен шешім шығару жолдары туралы бірдей «өзекті» сұрақтар болды, бірақ бір таңқаларлық жай, барлық балалардың білім алуға құқығы бар деген сенімдегі және балаға оң динамиканы беретіндей ЫҚПАЛ таба алатын әр маман ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ БІЛІМ МЕН ЕРЕКШЕ ӘДІСТЕМЕНІҢ ТАСЫМАЛДАУШЫСЫ болып табылады.


Біз семинар өткізуге қолдау көрсеткен серіктесіміз – "Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG" компаниясына, тағы да бізбен бірге болғаны үшін шын жүректен ризамыз!