43

Семинар мен конференция халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен өткізілді

1700

Маман семинарлар мен конференцияларға қатысты

3

Ғылыми жұмыс 2019 жылы инклюзивті білім беру және ерекше балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша зерттеулер аясында жарияланды

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің табысты жұмыс істеуінің кепілі қызметкерлердің кәсіби шеберлігі болып табылады. Бұл мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, Қор білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру мен түзету жұмыстарының барлық бағыттары бойынша көптеген оқыту іс-шараларын өткізеді.

Семинарлардың арқасында біздің Түзеу кабинеттерімізде көптеген жаңа әдістер мен тәсілдер сынақтан өтті және қолданыла бастады: KID/RCDI баланың дамуын кешенді бағалау, физикалық терапия, Ата-аналарды психологиялық қолдау және оқыту клубтары, психомоторика, ерте араласу, оның ішінде ойын әрекеті арқылы.

Семинарларда оқыған мамандар алған білімдерін басқа аудандардан, жақын қалалар мен ауылдардан келген әріптестерімен бөліскені өте маңызды. Түзеу кабинеттері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үдерісі үздіксіз және сапалы болуы тиіс, себебі мамандардың кәсіби өсуі – түзету жұмыстарын тиімді және нәтижелі жүргізудің кепілі.
scroll right
Video title
play
1
2
3
4