48

Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары ашылды

750

Бала мектепте педагогтердің қолдауына ие болады

11

Өңірлерде жалпы білім беретін мектеп "Қатарластан қатарласқа" жобасына қатысады

Қор барлық дерлік өңірлерде Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарының желісі арқылы жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді қолдау жүйесіне бастама жасады. Бұл орталықтар ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша мектептердің күш салуын қолдаудың тірек нүктесі болып табылады.


Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы – бұл мұғалімдерге оқу үдерісінде инклюзия қағидаттарын іске асыруға және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыныпта және мектепте кедергісіз және достық ахуал құруға көмектесу үшін құрылған мектеп кеңістігінің бөлігі.


Ресурстық орталық базасында мектептерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу, мұғалімдерді оқыту, ата-аналарға кеңес беру және балалардың жеке білім беру бағыттарымен жұмыс жүргізіледі.


Сондай-ақ, ресурстық орталықтардың жұмысына үйде оқитын балаларды қолдауға және әлеуметтік өмірге дайындауға бағытталған "Қатарластан қатарласқа" компоненті енгізілген.

scroll right
Video title
play
1
2
3
4
5