12.09.2023 15:42:07

Көзі көрмейтін балалар алғаш рет ШҚО жазғы лагерінде демалды

28 маусым мен 4 шілде аралығында Нұр-Сұлтан және Өскемен қалаларының 7-15 жас аралығындағы 15 көзі көрмейтін бала "Дарын" лагерінің базасында демалады.

Бұл көру қабілетінде ерекшелік бар балаларды жазғы демалысқа бейімдеудің алғашқы тәжірибесі, бұл жерде олар демалыстарын басқа өздері қатар балалармен бірге өткізеді деп хабарлайды YK-news.kz.


Балалардың жазғы демалысы ШҚО Білім басқармасы мен "Дара" жеке қайырымдылық қорының қолдауымен өтуде. Бұл жобаның баламасы Қазақстанда да, ТМД елдерінде де жоқ.

"Дара" қорының жобалар мен бағдарламалар директоры Марал Шешембекованың айтуынша, мұның барлығы «Әлемді ашамыз» жобасы аясында жүзеге асырылуда.


– Балалар өздері қатар балалармен бірге демалудың ерекше мүмкіндігіне ие болумен қатар, өмірлік маңызы бар тәжірибе де жинақтады. Лагерь мамандары, ата-аналар қазір әдістемелік қолдау алуда. Біз Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті тифлопедагогика кафедрасының сарапшыларын шақырдық. Жазғы демалыстың бұл идеясы басқа өңірлерде жалғасын тапқанын қалаймын, – деп атап өтті Марал Шешембекова 




Бұл жоба отандастар мен бүкіл әлем бойынша Google компаниясында жұмыс істейтін әріптестердің қолдауымен жүзеге асырылуда.


Бірнеше күн бойы балалар, бастапқыда олар үшін ерекше болып көрінген лагерьдегі жалпы тәртіп бойынша өмір сүріп үйренді. Бірақ қазір олар ойындарға қатысады, хореографиямен, вокалмен айналысады, робототехника сыныбына барады, пластилиннен әр түрлі бұйымдар жасайды, сабын қайнатады, бассейнде жүзеді және флешмобтарға қатысады. Мұның бәрі жетекшілер мен оқытушылардың арнайы дайындығының арқасында мүмкін болды.


Бұрын біздің бұл салада біліміміз болған жоқ. Біз ерекше балалармен қалай жұмыс істеу керектігін, балаға қалай көмектесуге болатындығын, сабақтарды қалай өткізуге болатындығын білмедік, сондықтан өзіміз оқудан өттік. Мысалы, ертең шақырылған сарапшылар үлкен семинар-практикум өткізеді. Бүгін біздің балалар алғашқы көмек көрсетуді ойын түрінде үйренді, тактильді сезімдері бойынша өрт сөндіру машиналарын зерттеді. Біз күн сайын олар үшін жаңа және қызықты нәрсе ойлап табуға тырысамыз, – деп әңгімеледі "Дарын" лагері директорының орынбасары Жанна Орызғалиева.





Апта бойы көптеген жаңа нәрселерді біліп, әлемді тани алған балалардың бақытты жүздерін көру – баға жетпес дүние. 9 жасар Радмир Ринатұлы өзі алған әсерлерімен бөлісті, бүгін кешке ол би кешіне алғаш рет барады.


– Мен бұрын үйде ешқашан ертеңгілік жаттығу жасамаған едім. Енді үйге барған соң, мен мұнда үйренген әр түрлі жаттығуларды жасайтынымды білемін. Маған тағы да сабын жасау өте ұнады. Мен құлпынай мен қауынның иісін таңдадым, қызыл машина түрінде сабын жасадым. Ал бүгін біз дискотекаға барамыз, бәріміз бірге билейміз, – дейді ол.


Шақырылған маман, Мәскеу тифлопедагогика кафедрасының доценті Венера Денискина "Дара" қорымен 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сол кезде ол 25 қазақстандық маманға көзі нашар көретін балалармен жұмыс істеу дағдыларына үйретті. Ол сол кезде Қазақстандағылар жұмыстың ерекшелігі туралы аз білгенін, түзету-көмек көрсету кабинеттері болмағанын айтты. Венера Денискина осы сапарында жағымды өзгерістерге таңданды. Республикада "Әлемді ашамыз" жобасы шеңберінде көзі нашар көретін балаларға арналған 5 сынып жұмыс істейді, оның ішінде біреуі Өскемен қаласында №19 қосымша білім беру мектеп-орталығы базасында.


– Қазір мен Қазақстанның осы бағытта алға үлкен секіріс жасағанын көріп отырмын. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар бала көмек пен сапалы білім ала алатын тамаша мамандар мен керемет жабдықтар бар. Өйткені, бұл балалар көбінесе үйде оқытылады. Бүгін біз көзі көрмейтін балалардың алғаш рет кәдімгі балалар лагерінде демала алатынын көріп отырмыз, – деп пікір бөлісті профессор.




3 жыл бұрын "Дара" қоры жалпы білім беретін мектептер базасында арнайы түзету сыныптарын ашу жобасын ұсынғанын естеріңізге сала кетейік. Қазір 5 өңірде 35-тен астам көзі көрмейтін бала осы бағдарлама бойынша білім алуда.


<