12.09.2023 15:40:42

Баланың бөтені болмайды: қазақстандықтар мейірімге толы "Тәлімгерлер" флешмобына қосылды

Жақында Қазақстанда "Тәлімгерлер" флешмобы басталды. Бұл әлеуметтік жоба балалар үйіндегі балаларды қолдауға бағытталған.

Бірақ ондағы ересектердің көмегі мерекеге арналған бір реттік сыйлықтардан тұрмайды. Тәлімгерлер балаларға шынайы дос болып, өмір жолында қолдау көрсетеді. Кейбіреулер балаларға өз махаббатын ғана емес, сонымен бірге отбасын сыйлай отырып балаларды асырап алады. Басқа тәлімгерлер жасөспірімдердің әлеуметтік өмірге енуіне көмектеседі, оларды бағыттайды, қоғамдағы орнын анықтауға, оқып-үйренуіне көмектеседі. Жобаға қатысып жүрген тәлімгерлердің айтуынша, балалардың әлемде олар жалғыз емес екенін және оларға шынымен де бей-жай қарамайтын адамдар бар екенін түсінуі маңызды.


Баланы балалар үйінен алып, оған ата-ана, қорғаушы, ең бастысы, дос бола білу – әрбір ересек адам бара бермейтін қадам. Бірақ бейтаныс балаларға көмек қолын созуға, туған отбасының жылуын беруге дайын адамдар көбейіп келеді. Олардың бірі Ақтау қаласының тұрғыны және облыс орталығындағы «Тәлімгерлер» жобасының үйлестірушісі Эльмира Кибасова асырап алған баласымен достасу тарихымен бөлісті деп хабарлайды "инАктау.кз".


Эльмира Кибасова 42 жаста. Ол жеті жасар ұлын өсіріп, өз бизнесін жүргізіп жүрген адам. Оның айтуынша, оның әрқашан адамға көмектескісі келді – бір рет қана емес, шындап.


"Мен бұл дүниеде кем дегенде бір адам менің көмегіммен лайықты өмір сүргенін қалайтынмын", – дейді ол.


Эльмираны әлеуметтік жетімдерге айналған балалар, яғни ата-аналары бар, бірақ оларды тастап кеткен балалармен таныстығы бұрынырақ басталған.


"Маған салонға балалар ауылының тәрбиеленушілері жиі келетін. Сол кезде мен оларға қолымнан келгенше көмектесуге тырыстым, бірде олардың шаштарын тегін қиып бердім, бірде шаштараз шеберлігіне үйреттім. Сол кездің өзінде менің балаға қолдау көрсеткім келетін", – дейді ол.


Эльмираның бұрыннан танитын құрбысы бар, ол – алты баланың анасы, олардың төртеуін асырап алған.


"Мен бірде оған қонаққа бардым. Асырап алған балаларға қатысты әр түрлі ойларым болды. Бірақ мен олардың үйіне кіргенде қарапайым отбасын көрдім: маңайымда кәдімгі балалар жүгіріп жүрді. Иә, ұлттары әр түрлі, бірақ бұл кәдімгі балалар еді. Содан кейін менде баланы асырап алуға деген ықылас пайда болды және қорқынышым жоғалды", – дейді жобаның үйлестірушісі.


Эльмира өзінің көп балалы құрбысына асырап алған балаларды тәрбиелеп отырған немесе осындай қадам жасағалы жүрген ата-аналармен кездесу ұйымдастыруға көмектесті.


"Ол жерде мен көптеген сан алуан оқиғаларды естідім де, басы бүтін берілдім. Біраз уақыт өткен соң маған құрбым қоңырау шалып, жеті жасар Лена есімді қыз бар екенін айтты. Маған оның деректерін, фотосуретін жіберді. Бала бар-жоғы алты айға толғанда, анасы оны тастап кеткені белгілі болды. Ата-аналарының өздері де балалар үйінің тәрбиеленушілері", – дейді Эльмира.


Оның айтуынша, Лена құжаттарынан ол жақында қыз баланың туған күні екенін көрген. Содан кейін ол құрбысымен бірге балалар ауылына барып, баланы құттықтайық деп шешкен. 


"Біз сыйлық сатып алдық та, Ленамен кездестік. Содан кейін мен оған ол біздің отбасымызда бізбен бірге тұруы үшін алып кеткім келетінін айттым. Қыз бала эмоционалдық тұрғыдан қатты қысылып тұрды, үнемі "білмеймін" деп жауап берді, – деп еске алады Эльмира.


Біраз уақыттан кейін құрбысы қоңырау шалды.


"Ол Лена сен туралы: "Ол тәте маған қашан келеді?" – сұрады деді. Мен құжаттарды жинап, оқудан өтіп, бала қабылдап алу туралы зерттей бастадым", – дейді Эльмира.



Ол Ленамен бірге өткізген алғашқы күнін былай деп еске алады:


"Болашақ ата-аналар алдымен қонақ режимі деген тәртіптен өтеді, яғни сіз балаға барып жүріп, демалыс күндері үйіңізге алып кетесіз. Бірінші күні мен оны мектепке алып бардым. Ол мені бірден анам деп атады, қолымнан ұстап алды, сөйтіп қол ұстасып кете бардық. Менің қолым қатты терлеп кетті (күледі), бірақ мен бұл сенім білдіру белгісі екенін түсіндім және мектепке жеткенше оның қолын жібермедім", – деп әңгімелейді Эльмира.



Қазір енді екі баланың анасы болып отырған Эльмираның айтуынша, бастапқы кезде Ленамен оңай бола қойған жоқ. Қыз баланың өмірлік жағдайларға байланысты психологиялық проблемалары болды, отбасындағы қарапайым өмірге бейімделмеген еді.


"Алдымен бізде "тәтті-дәмді" кезеңі болды. Мен де, ол да өзімізді-өзіміз жақсы көрсетуге, бір-бірімізді қуантуға тырыстық. Бірақ қыз бала маған сене бастаған кезде, ол жиі күйзеліске ұшырап, жоқ жерден жылай салатын болды, алдайтын кездері де болды. Содан кейін мен ең басты жайды, баланың эмоционалдық күйзелісі шығуы керек екенін түсіндім, ол осы сөздің барлық мағынасында сөйлесуі керек еді. Осындай көптеген балалар сияқты, Лена ертең болмай қалса деген оймен қатты тоя тамақ жеп алатын болды, – дейді Эльмира.


"Лена алдымен оның бір ғана үйі бар екенін түсінбеді. Қайда барса да, мысалы, әжемізге барсақ та – ол қонаққа бару екенін түсінбеді. Ол көйлегін жыртып алса немесе ол бірдеңесін жоғалтып алса, бұған аса алаңдамайтын. Өйткені, балалар үйінде олардың қоймасы болатын және сол жерден барып бірден жаңа киім алуға болатын. Ал бұл жерде мен оған киім-кешек алу үшін анасының көп жұмыс істеуі керек екенін түсіндірдім. Оны негізсіз ренжіткен жағдайлар болды және ол бірінші болып кешірім сұрады. Мұндай жағдайларда мен оған әрқашан ол өзін-өзі қорғауы керек екенін айттым", – дейді анасы.




Эльмираның айтуынша, Лена оны ұлынан қызғанатын.


"Бізде осындай да кезең болды, қақтығыстар болды. Ұлымның да қобалжыған кездер болды. Екеуіне де менің жақсы көруім екеуіне жетпейтіндей көрінді. Бірақ мен, ана ретінде, психолог ретінде, балаларға олардың екеуі де маған қымбат екенін түсіндірдім. Қазір олар бір мектепте оқиды, ұлым Ленаны қорғайды. Одан "Лена шынымен сенің туысың ба?" - деп сұрасаң, ол "Иә" деп сенімді түрде айтады", – дейді анасы. 


Қазір сегіз жасар Лена жаңа әлемде өмір сүруді үйренуде. Ол мектепке барады, бимен айналысады, шешендік өнер мен ағылшын тілін үйреніп жүр.



"Алда әлі де көптеген кедергілер бар. Мен белгілі бір жоспарлар құруға тырыспаймын, мысалы, ол университетке түсуі керек және т.б. Бұл асырап алушы ата-аналардың басты проблемаларының бірі – олардың барлығы балалардан бір нәрсе күтеді. Мен оның ата-анасына, оған, оның болашақ әрекеттеріне кінә тақпастан өмір сүруге тырысамын. Мен оған әлеуметтік өмірге бейімделуге және жеке тұлға болуға көмектескім келеді. Ленаның ата-анасы бар, демек мен оның қамқоршысымын. Ол 18 жаста келгенде біздің отбасымыздан өз бетімен кете алады. Бірақ ол осы жасқа жеткенде де бізбен бірге болғысы келетінін айтады", – дейді Эльмира. 


"Тәлімгерлер" флешмобы еліміздің жеті қаласын, соның ішінде Ақтау қаласын да қамтыды. 239 адамнан өтініш түсті. Егер сіз балаларға қолдау көрсетіп, оларға нағыз дос болғыңыз келсе, онда сіз бірнеше қадам жасауыңыз керек:


1. Жасыңыз 25 жастан үлкен болуы керек.

2. Сайтта nastavniki.kz сауалнамасын толтыруыңыз керек.

3. Ақпараттық кездесуге қатысуыңыз керек.

4. Психологиялық тестілеуден өтуіңіз керек.

5. "Тәлімгерлер" мектебінде оқуыңыз керек. Жоба авторлық оқыту мен психологиялық қолдауды ұсынады.

6. Шартқа қол қоюыңыз және өзіңіздің достық тарихыңызды бастауыңыз керек.

Ресурс: https://www.inaktau.kz/news/2551821/cuzih-detej-ne-byvaet-kazahstancy-vklucilis-v-samyj-dobryj-flesmob-nastavniki