Қорға көмектесу
Компаниялармен ынтымақтастық қарым-қатынас
Қордың бизнеспен ынтымақтастық қарым-қатынасы өзара тиімділік философиясына негізделеді. Біздің серіктестеріміз үшін бұл қоғаммен, мемлекеттік органдармен берік қарым-қатынас орнату, адалдық пен танымдылықты, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті арттыру, компанияны әлеуметтік жауапты компания ретінде ұстау арқылы негізгі қызметтің серпінді өсуі мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болып табылады.
Қор жобаларын жүйелі тәсіл – әлеуметтік проблемаларды ұзақ мерзімді перспективада, мемлекеттік құрылымдарды қатыстыра және тарта отырып шешуі, жоба нәтижелерін жұмыс істеп тұрған жүйелер түрінде жалғастыру үшін негіз қалауы, заңнаманы өзгертуі, практикаларды қабылдауы ерекшелейді.
Бізге әр түрлі компаниялар сан алуан жолдармен көмектеседі және біз әрқашан жаңа ынтымақтастық қарым-қатынас жасаушыларды қуана қарсы аламыз!
Волонтерлік фандрайзинг
Әрбір қалаған адам ақша жинай, яғни фандрайзер бола алады. Дәл қазір біздің командаға қосылыңыздар, жақсылықты бірге жасайық! Өзіңізді қоршаған ортаны – жұмыстағыларды, мектептегілерді, достарыңыз бен таныстарыңызды игі іске батыл тартыңыз! Қайырымдылықпен әрдайым жасағыңыз келетін нәрсені біріктіру арқылы өз іс-шараңызды ұйымдастырыңыз: тәттілерді сату, макулатура немесе пластик жинау, кеш ұйымдастыру, шай ішу, кітап клубы, туған күн және тағы басқалар. Аз жинаудан қорықпаңыз – жобаларға арналған үлкен сома көптеген адамдардың шағын жарналарынан тұрады.
Волонтерге айналу
Қайырымдылық – көмектің жалғыз ғана түрі емес. Біз қамқорлыққа алған балаға сіз басқа адамдар үшін жақсы іс жасай отырып, тегін және ерікті негізде көмектесе аласыз!
Біз сіздерге өз уақытыңызды, дағдыларыңыз бен әдеттеріңізді нақты балаға арнай отырып, балалар үйлеріндегі жасөспірімдерге тәлімгерлік форматында волонтер болуды ұсынамыз. Балалар үйінің тәрбиеленушісіне тәлімгер болу үшін "Тәлімгерлер мектебі" тренингінен, сондай-ақ ауызша және жазбаша тестілеуден өту қажет. Толығырақ ақпаратты "Тәлімгерлер" жобасы туралы бөлімнен таба аласыз.
Интернет банкинг
Көмек көрсету бұрыңғыдан да ыңғайлы және оңай болды! KaspiBank клиенттері мен KaspiGold карточкаларын ұстаушылар өз телефондарында мобильді қосымшаны пайдалана отырып, біздің жобаларымызға қолдау көрсете алады. Сізбен байланысып, сіз жасаған қайырымдылық көмекті пайдалану және жобаны іске асыру туралы есеп беру үшін сізбен байланыс жасау үшін қажетті мәліметтер қалдыруды ұмытпаңыз. Каспий банкінің мобильді қосымшасы арқылы аудару алгоритмі келесідей:
Жеке деректеріңізбен өз қосымшаңызға кіру
Сіздің әрбір теңгеңіз біз үшін маңызды және біз оны мақсаты 11 жастан асқан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсету болып табылатын "Тәлімгерлер" жобасына бағыттайтын маңызды салым болып табылады. Кез-келген көмек, әсіресе ол тұрақты болса, бізге жұмыс істеуге және жобаны одан әрі дамытуға көмектеседі. Сіз балалар үйіндегі жасөспірімнің өмірін өзгерте аласыз!
Алматы қаласындағы бокстардың мекен-жайлары
"MaxMara" дүкені – Достық даңғылы, 34 А-үй
"Luxury Outlet" дүкені – "Promenade" СО, Абай көшесі, 44-үй
"Fendi" дүкені – "Есентай Молл" СОО, Әл-Фараби даңғылы
"Sergio Rossi" дүкені – "Есентай Молл" СОО, Әл-Фараби даңғылы
"Top Hair" сұлулық салоны – Бөгенбай батыр көшесі, 87-үй
"Sandro" дүкені – "Есентай Молл" СОО, Әл-Фараби даңғылы