Қорға көмектесу
«Дара» қорының миссиясы - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, әлеуметтенуіне және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру. Қор сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың және балалар үйлеріндегі жасөспірімдердің құқықтарын іске асыруға қатысты заңнама мен практиканы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысады және реформаларды ілгерілету жолында қоғамдық ұйымдармен ынтымақтасады.
2007 жылдан бері біз Қазақстан Республикасында балалар үйлеріндегі жасөспірімдерге арналған тәлімгерлікті дамыту және қолдау, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру саласында қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеміз.
Қор ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың және балалар үйлеріндегі жасөспірімдердің құқықтарын іске асыруға қатысты заңнама мен практиканы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысады, мемлекеттік органдармен және басқа да коммерциялық емес ұйымдармен реформаларды ілгерілету бойынша ынтымақтасады.