Қорға көмектесу
"Дара" қорының міндеті жетім балалар мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, әлеуметтендіруге және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру болып табылады. Біз барлық балалар дарынды және білім мен дамуға тең құқылы деген нық сенімді негізге аламыз. Сондықтан біздің жобаларымыздың көпшілігі балаларды оқытуға, шығармашылық дағдыларын дамытуға, оңалтуға және мамандық алу үшін қолдауға бағытталған. Сондай-ақ Қор мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жетім балалардың құқықтарын іске асыру бөлігінде заңнама мен практиканы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады, реформаларды алға басқызуда басқа да қоғамдық ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істейді.
2007 жылдан бастап, біз балалар үйінен шыққан жасөспірімдер мен арнайы білім қажеттіліктері бар балалар үшін менторингті дамыту мен қолдау және инклюзивті білім беру саласында қайырымдылық жобаларын іске асырып келеміз.
Біз барлық балалардың талантты және білім алуға және дамуға тең құқықты екеніне сенеміз. Сондықтан барлық жобаларымыз балаларды оқытуға, дамытуға, әлеуметтік бейімдеуге және мамандықты меңгеруге қолдау көрсетуге бағытталған. Біз Қордың жүйелі қайырымдылық бағдарламалары үшін қаржы жинауды ұйымдастырамыз:
Қор арнайы білім қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын іске асыру және балалар үйінен шыққан жасөспірімдерге қатысты заңнаманы және практиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады, мемлекеттік органдармен және басқа коммерциялық емес ұйымдармен реформаларды алға жылжыту бойынша ынтымақтасады.