Маңғыстау облысы Құрық елдімекенінің барлық орта мектептерінде Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары өз жұмыстарын бастап кетті.

Маңғыстау облысы Құрық елдімекенінің барлық орта мектептерінде Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары өз жұмыстарын бастап кетті. Ресми ашылуы жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келмек.

Инклюзивті білім беруді қолдап, өз мектебі үлгісінде инклюзияны дамытуды қолға алған Ақтөбе қ. #19 орта мектебінің директоры — Роза Далабаевна, Ақтөбе қ. ресурстық орталықтарының координаторы — Айкен Канафиновна мен Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың сарапшысы, «Азамат әлеуеті» қорының басшысы — Алмагүл Дәулетқазықызы аталған елдімекенде ағымдағы жылы 19-20 тамыз аралығында гимназия, #1, 6 және 11 мектептердің ұжымдарымен кездесу өткізіп, өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл жоба ерекше әрі бірегей болып табылады. Себебі шалғай елдімекенде бір уақатытта барлық мектептерде инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарын ашу бүгінгі таңда тамаша жаңалық болып отыр.
Біздің тұрақты серіктестеріміз @ersai_official, «Жандиг-С» ЖШС, «Той Прайм II» ЖШС алғысымызды білдіреміз.

Опубликовано в: Без рубрики