Басты бет / Жобалар / Тәлімгер

Тәлімгер

 

 «Тәлімгерлер» жобасы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға өздерінің өмірлік әлеуетін ашып, ересек еріктілер және тәлімгерлермен қарым-қатынас жасау арқылы дербес өмірлік дағдыларын дамыту үшін көмектесуге бағытталған. Тәлімгер баланың өзіне деген сенімінің артуын және өзін-өзі қамтамасыз ете алуын үйретеді, өзін жақсы тануға, өмірдегі мақсаттарын түсініп, оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілікті алуды үйренуге жағдай жасап көмектеседі.

Жоба 2014 жылдан бастап «Дара» Қорымен «Бала отбасында өмір сүруі тиіс» Қоғамдық Қозғалысы, «We help» Қоры, Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларындағы балалар үйінде «Томирис» Қорымен бірге жүзеге асырылуда. Жоба серіктестері – «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Бәйтерек» ҰБХ.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің негізгі мәселесі – балаларға деген жеке назардың болмауы және дербес өмірге нашар дайындық. Тәлімгерлер – балалардың сенімді достарына айналатын, тәжірибесі мен білімімен бөлісетін және маңызды психологиялық қолдау көрсететін ересек кісілер. Жоба үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:

Бірінші бағыт – жеке тәлімгерлік

Жоба, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тиімді көмек көмектесуге ниет білдірген еріктілерді қызықтырады. Еріктілер тәлімгер болып, балалармен араласады, дос болады, кеңес беріп көмектеседі және дербес өмірге баланы дайындауға атсалысады. Жұмыс жүйелі түрде, ұзақ уақыт бойы және әр баламен жеке-жеке жүргізіледі. Мұндай достықты қалыптастыру үшін белгілі бір әдіснама әзірленген болатын.

10 жасқа дейінгі балалармен тәлімгерлік жасалмайды, өйткені жас шамасына байланысты оларға тәлімгер, бала асырап алушы немесе демеуші арасындағы айырмашылықты түсіндіру қиын. 8-10 жаста балалар қарым-қатынаста әр түрлі рөлдер бар екенін, ата-аналар және тәлімгерлер болатынын түсіне алатын қажетті деңгейге жетеді.

Тәлімгер, баламен жеке қарым-қатынас жасай бастағанға дейін міндетті түрде бірнеше кезеңнен өтеді: психологиялық тестілеу, психологпен әңгімелесу, тәлімгер мектебінде оқу.

Тәлімгерлер мектебінде осы жастағы балалармен қарым-қатынастың сипаттамалары егжей-тегжейлі қарастырылып, олармен қалай тиімді қарым-қатынас жасау керектігі туралы талқыланады.

Тәлімгерлер мен балалардың кездесулерін жалғастыру үшін ойын түрінде бейресми ортада үлкен кездесулер ұйымдастырылады, онда тәлімгерлер мен балалар бір-бірімен жақсы танысып, өзара бір-бірін білісу мүмкіндігіне ие болады. Достық қарым-қатынас пайда болу үшін мейірімділік пен ортақ мүдделер қажет емес пе?!. Мұндай үлкен кездесулер бірнеше мәрте өткізіледі, соның нәтижесінде «тәлімгер-бала» жұптары пайда болады. Бала өз тәлімгерімен бірге қатысатын үлкен және шағын кездесулерден кейін жеке жұмыс басталады.

Тәлімгерлер мен балалардың кездесулері алдымен балалар үйінде өткізіледі және қамқоршы мүшелері мен балалар үйі арасында қажетті құжаттар жиналғаннан кейін «қонақ келісімшарты»-на қол қойылады, және де кездесу балалар үйінен тыс жерде де өткізілуі мүмкін. Бұл өте маңызды бөлік, өйткені ол балалар үйінің сыртында өткізіледі, онда тәлімгерлер балаға шынайы өмірді көруге және қажетті дағдыларды ойластыруға мүмкіндік береді. Тәлімгерлер балалармен бірге мұражайларға, көрмелерге, кейбір оқу орындарына барып қана қоймай, сонымен қатар оларға дүкеннен зат сатып алуды, пайдалы тағамдар дайындауды үйретіп, оларды мамандықтары және мүдделерімен таныстырады.

Тәлімгерлік – тек достық қана емес, бұл өте жауапты жұмыс, онда тек қана қалап қоюдың өзі аздық етеді. Балалар күн сайын оларды толғандыратын көптеген заттарды сұрайды, мамандық таңдау жөнінен жәрдем мен кеңес күтеді, сонымен қатар жеке сұрақтарына да жауап іздейді: құрдастарымен қарым-қатынас, білім алу, отбасы, болашақ. Бұл жұмыс жалғасуы үшін және тәлімгерлер ынтасын жоғалтып алмауы үшін жоба, жетектеу қызметін жасап, тәжірибелі психолог және басқа да мамандарды тартады. Айына бір рет, тәлімгерлердің, өз тәжірибесімен бөлісуге және сараптамалық кеңес алу мақсатында айлық тәлімгерлер клубына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Екінші бағыт – 14 жастан асқан балаларға коучинг

Коуч – бұл жеке мәселелерді шешуге және түрлі мақсаттарға жету үшін дағдыларды үйренуге көмектесетін маман. Коуч ынталандырып, уақытты, қабілетті тиімді пайдалануға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Балалардың коучтің көмегімен шешетін негізгі мәселелері – өз мамандықтарын таңдау, мектеп үлгерімдерін арттыру және құрдастары және оқытушыларымен қарым-қатынастарын жақсарту. Осы жастағы жасөспірімдер, негізінен, терең психологиялық тұрғыдағы бір жалқаулықтан, мотивацияның жетіспеушілігінен зардап шегеді. Сондықтан, коучтерден басқа, жобада психологтар жұмыс істейді. Кейбір балалармен психологтар жеке-жеке жұмыс істеп, қалғандарымен топтық арт-терапия форматында жұмыс жасайды.

Үшінші маңызды бағыт – корпоративті тәлімгерлік

Компаниялар да тәлімгер бола алады. Мерекелік акциялар және балалардың тағдырларына еш көмектеспейтін бір реткі және керенаулық іс-әрекеттермен салыстырғанда, жоба балаға білім алу, кәсіби, жеке дағдылары жағынан көмектеседі. Компанияның қаржылық жағынан ғана емес, сонымен қатар балалар тобына немесе бір балаға қамқорлық жасауға мүмкіндігі бар: тәжірибеден өткізу, атаулы стипендия беру, қосымша табысқа бағыттау. Тіпті жұмысқа орналастыру ғана емес, компания ішінде әлеуметтену, болашақ кәсібі үшін пайдалы дағдылар алуына да көмектесе алады.

Жобаға қатысу үшін тек хабарлассаңыз жеткілікті:

Жоба туралы толығырақ ақпаратты  «Тәлімгерлер» жобасының сайтынан таба аласыздар

Сонымен қатар, жаңарлықтар үшін «Фейсбук»-тағы бетке кіріңіз 

Жоба жаңалықтары

30728960_2015418955153693_3205627422091247616_n
15.04.2018 г. | 13
Астана балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мұғалімдеріне арналған тренинг

«Тәлімгерлер» жобасында керемет адамдар жұмыс істейді, олар өздері көрсеткен мысалдары арқылы бүкіл ортаны өзгерте алады. Zhanat Nurkina осындай адамдардың бірі. Өз тәрбиеленушісімен жеке коучинг түрінде жұмыс істеу барысында, Жанат, ер …

WhatsApp Image 2018-04-05 at 20.59.53
05.04.2018 г. | 22
My Happy Day Planner-дан қайырымдылық жарна

Бүгін Алматыда My Happy Day Planner күнделік сериясының «Mother Edition» арнайы шығарылымының презентациясы өтті. Бұл жолы керемет күнделіктердің авторы Asel Zoe әрқашан және барлық нәрсеге үлгергісі келетін аналарға көптеген қызықты …

23622243_1999864956709093_9088456835081798836_n
05.04.2018 г. | 30
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің оқу жылындағы соңғы өткен тәжірибелері

Өткен аптада Астанадағы балалар үйінің тәрбиеленушілері корпоративті тәлімгерлік жобасының аясында өз тәжірибелерінің соңғы бөлігін аяқтады. Оқу жылы бойы балалар күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндерінде тәжірибеден өткен болатын. Корпоративтік тәлімгерлік …