Футбол командасы

Алматылық №5 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының жанында Футбол секциясы жұмыс істейді. Жаттықтырушы – кәсіби футболшы, есту бойынша мүгедек және ұлттық құраманың мүшесі Асыл Ибраимов. Аптасына үш рет 11-17 жас аралығындағы  саңырау балалардан тұратын екі топ футболмен айналысады. Осыдан басқа Қор команданың республикалық және халықаралық сайыстарға  тұрақты қатысуын қамтамасыз етеді. Секцияның көптеген түлектері үшін футбол тек қызығушылық пен хоббиге ғана емес, өздерінің болашағымен байланыстыратын кәсіби іске айналды.

Футбол секциясы 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, сол кезде серіктестер мен демеушілердің көмегінің арқасында мектептің ауласында нағыз футбол алаңы салынды және кәсіби жаттықтырушы таңдалған болатын.

Орталық Азия туралы екі сериялы кітап-фотоальбомдарды щығарған және сатылымнан түскен қаржыны біздің командаға арнаған ирландық суретші Мэри О’Коннордың қолдауымен команда жыл сайын Словакияда өтетін нашар еститін жастардың Халықаралық турниріне қатысады. 2015 жылы команда алғаш рет осы Турнирден алтын алып келді! Біздің футбол секциямыздың үлгісі мүгедек балалардың да дарынды болатынын, бірақ олардың дарынын ашу үшін жағдай жасалу қажет екенін көрсетеді. Ал өнер мен спорт арқылы оларды көрсетудің мүмкіндіктері мол.

футбольная команда

Команда туралы қысқаша бейнелерді осы жерде көруге болады.

Команданың бұрынғы жылдардағы демеушілері: «Шеврон» Компаниясы, ҚР Футбол Федерациясы, Мэри О’Коннор, жеке демеушілер. Қазір команда балалардың кәсіби спортқа оқуын жалғастыру үшін жаңа демеушіні іздестіруде!

Жоба жаңалықтары

18.07.2018 г. | 166
Саңырауларға арналған XXVI халықаралық футзал турнирі

Осылайша 17 жасқа дейінгі саңырауларға арналған XXVI халықаралық футзал турнирі мен 17 жасқа дейінгі жастар үшін I Бірлестірілген футзал турнирі өткізілген болатын, ол жерде есту қабілеті бұзылған балалар мен ести …

19.03.2018 г. | 279
Есту қабілеті нашар балалар арасында футзал бойынша Қазақстан чемпионатында екінші орын

2001 және төменгі жылғы жастар арасындағы футзал бойынша Қазақстан чемпионатында біздің Алматылық командамыз II орынды иемденгенін қуанышпен хабарлаймыз. Өткен апта бойы қарбаласқан күрестің нәтижесінде команда аңсаған финалға өтті. Өкінішке орай, …

13.03.2018 г. | 233
Футзалдан Қазақстан чемпионатында «Дара» командасының қатысуы

10-нан 16-наурызға дейін Петропавл қаласында есту қабілеті нашар балалар арасында футзалдан Қазақстан чемпионаты өткізілуде. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған №5 және №1 мектеп-интернаттарындағы біздің балаларымыздан тұратын Алматы қаласының командасы …