Би студиясы

Алматылық №9 сөйлеу қызметі бұзылған балалар оқитын мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінен тұратын екі топ бишілерге аптасына үш рет кәсіби хореограф Марат Бекбергеновпен би үйренуге мүмкіндіктері бар. Би студиясы 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

№9 интернатта таңдай немесе еріннің туа біткен жырықтары (қасқыр ауыз немесе қоянжырық) нәтижесінде пайда болған сөйлеу қызметінің күрделі бұзылыстары, кекештіктің ауыр түрі немесе психикалық дамуында тежелісі бар балалар оқиды.

Бимен тұрақты айналысу балалардың физикалық дамуын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге есту және сөйлеуді оңалтудың күшті түрі болып табылады, балаларда өздерінің күштеріне деген сенімдерін арттырады!

№9 интернаттың би ұжымы Қордың қолдауымен әрдайым қалалық және республикалық фестивальдар мен сайыстарға қатысады, олар әрқашан сапалы хореографиялық би, әдемі костюмдер, бірдей және әдемі қозғалыспен көзге түсіп, ерекшеленеді! Сол себепті ұжым көп рет Қазақстандағы ең танымал сайыстардың жеңімпазы және лауреаты атанды, соның ішінде «Жұлдызай», «Мейірім», «Алмалы» және басқа да секілді сайыстар.

Студияның тұрақты жетекшісі, хореограф Марат Бекбергеновпен сұхбат

Кейбір балалар үшін би тек қызығушылық қана емес, сонымен бірге кәсіпке де айналды. Мектепті бітірген кейбір ең дарынды түлектер өздерінің би және хореографиямен оқуларын кәсіби, профессионалдық деңгейде жалғастырды.

Біздің секциямыздың үлгісі мүгедек балалардың дарындары көп екендігін көрсетеді, бірақ бұл дарындар көріну үшін ерекше қолдауды қажет етеді. Өнер және спорт арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кәсібін таңдау жолдарын біршама кеңейтуге болады!

Би секциясының түрлі кезеңдерде демеушілері ҚР Спорттық би федерациясы, LVMH компаниясы, жеке тұлғалар болды. Қазір бишілер ұжымы өзінің өнер саласындағы дамуын жалғастыру үшін жаңа демеушіні іздестіруде!

Жоба жаңалықтары

29.05.2019 г. | 79
«9 Планета» би тобы «Zhuldyzai» халықаралық байқауының Гран-приін жеңіп алды!

Достар, символикалық сәтте, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында біз үлкен қуанышпен бөліскіміз келеді! №9 Алматы мектеп-интернатындағы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған «9 Планета» би тобы «Zhuldyzai» Халықаралық байқауында «Жұлдыздардың тынысы» …

05.04.2019 г. | 76
«9 планета» би тобы Алматы қаласының атынан «хореография» номинациясында жеңімпаз атанды!

Біздің «9 планета» би студиямыз жыл сайынғы және осы жылы алғаш рет халықаралық деңгейде өтетін білім алуда арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестиваліне қатысады. Мамыр айының соңында …

31.05.2018 г. | 265
Біздің би студиямыздың «Жұлдызай-2018» жүлделі орны

Бізде керемет жаңалық: «Тоғызыншы ғаламшар» би студиясы Республикалық «Жұлдызай-2018» фестивалінде жүлделі екінші орынға ие болды. Балалар екі би бойынша өнер көрсетіп, екеуіде төрешілер тарапынан жоғары бағаланды. Шын жүректен би тобын …