Балалар театры

Инклюзивті театр студиясын Қор Астана қаласының №65 орта мектебінде саңыраулар мен есту қабілеті бұзылған балаларға жалпы білім беретін сыныптардағы балалармен бірге сахна дағдыларын үйрету үшін ашқан болатын. Жыл сайын 30 бала жас режиссер және актер Ильяс Даниаровтың жетекшілігімен студияда білім алады. Ілияс астанадағы жастар альтернативті театрының «Аттракцион» бағдарламасы аясында өзінің қызметі үшін белгілі. Балалар театрының барлық іс-шаралары есту қабілеті нашар балалармен жұмыс жасайтын сурдопедагогтермен жүргізіледі.

Репетиция барысында балалар есту және сөйлеу қабілеттеріне жағымды әсер ететін мәтіндерді, бет-әлпеттерді ойнап көп жаттығады. Ата-аналар мен көптеген мұғалімдер театрдағы сабақтар балаларға тек жақсы сөйлесуді үйретіп қана қоймай, өздерін сенімді әрі ашық ұстануларына көмектесетінін айтуда.

Студия жұмысы кезінде Балалар Театры кәсіби сахнаға екі музыкалық қойылымды жұртшылықтың назарына қойып үлгерді: 2014 жылдың сәуір айында балалар «Мэри Поппинс» музыкалық шығармасымен өнер көрсетті, онда басты рөлді 4-ші дәрежелі кереңдік диагнозы қойылған бала ойнады. Ал 2016 жылы Рональд Дальдің «ерекше» қызды және оның әлеммен қарым-қатынасы туралы әңгімелейтін «Матильда» пьесасы аясында қойылым ұсынылды.

«Мэри Поппинс» атты мюзиклдің алғашқы қойылымы үлкен жетістікке жетті, және де Қазақ Драма театры, Горькийдің атындағы Орыс театры сахналарында және мектептің өзінде қойылым бірнеше рет көрсетілген болатын. Екінші қойылым Назарбаев Университетінің жаңа сахнасында ұсынылды, ол да көрермендер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жақсы пікірлерге ие болды.

Балалар сахнада ойнау мүмкіндігіне үлкен қызығушылық танытады, ол үшін олар ұзақ уақыт бойы рөлдерді зерттеп, өздерін қызықтыратын жаттығулар мен өз кейіпкерлерінің ұзақ мәтіндерін жаттайды. Біздің театрымыздың әрбір көрінісі – шығармашылық, қарым-қатынас және нағыз таланттың кедергілер мен шектеулерді білмейтінін дәлелдейді!

Инклюзивті театр студиясының демеушілері Астанадағы Финляндия елшілігі, Pop-Up Shop Astana және Қордың қораптарына салған жеке тұлғалардың қайырмалдықтары болып келеді. Қазіргі уақытта біз жаңа оқу жылында Балалар Театрының сабақтарын жалғастыру үшін жаңа демеушілерді іздестірудеміз.

Жоба жаңалықтары

19.05.2019 г. | 70
Балалардың инклюзивті театры елордада «Питер Пэнды» қойды!

Үлкен сахнаға – арнайы білімге қажеттіліктері бар балалар шықты. Қарақшылар, садақ ату, түтін, папье-машеден жасалған крокодил және лианмен ұшу пиджамалы сауық-кешін күн сайын көре бермейсіз, ал №83-ші мектептегі театралды студия …

19.05.2019 г. | 20
Елордада балалар инклюзивті театры жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада балалар инклюзивті театры жұмысын қайта бастады. Аутизм, сал ауруына шалдыққан, арнайы білімді қажет ететін балалар кәсіби сахнада өнер көрсететін болады. Бұл турал Dara қайырымдылық қорының баспасөз қызметі …

04.05.2019 г. | 52
Жақында БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕАТР өз есігін «Питер Пен» қойылымы арқылы қайта ашатын болады!

Та-дам! Достар, 18 мамырда БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕАТР өз есігін қайта ашатын болады, онда дамуында ерекшеліктері бар № 83 орта мектеп оқушылары үлкен сахнада «Питер Пен» қойылымымен өнер көрсететін болады. Біздің …