Арт-студиялар

Біз Астанада № 65 мектептің есту қабілеті бұзылған балалар және қарапайым сынып оқушылары үшін инклюзивті көркемөнер студиясын құрдық. Сабақтар аптасына үш рет «Құланшы» қазіргі өнер орталығында өткізіледі, бұл жерде балалар шығармашылық атмосфераға толық ене алады. Студияның жетекшісі – кәсіби суретші, «Құланшы» Орталығының директоры Айгүл Тегжанова.  Студия 2013 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді.

Оқу барысында балалар бейнелеу өнерінің әртүрлі тәсілдерін игеріп, тамаша суреттерді салады және тіпті танымал туындылардың репродукциясын да бейнелейді. Балалардың жұмыстары елорданың галереяларында және  ойын-сауық орталықтарында көпшілік назарына бірнеше мәрте ұсынылды. Біздің жас суретшілеріміз өздерін тіпті кәсіби иллюстратор болып та сезініп үлгерді, себебі олардың суреттері балалар ертегілері кітабына  басылып шықты.

Студиядағы оқудың арқасында екі түлегіміз Төлеубек Ерхан және Сәлімжанова Кәмила өздерінің болашақ мамандықтарын өнермен байланыстырды: бейнелеу өнері және дизайн факультеттеріне түсті. Үлкендердің  жетістіктері кішкентай балалақайларға өздерінің дарындарын дамытуға шабыт береді. Жыл сайын студияға түзету және инклюзивті сыныптардың балалары өнерге деген үлкен қызығушылықпен келеді.

Біздің студияларымыздың үлгісі мүгедек балалардың дарындары көп екендігін көрсетеді, бірақ бұл дарындар көріну үшін ерекше қолдауды қажет етеді. Шығармашылық және спорт арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кәсібін таңдау жолдарын біршама кеңейтуге болады! Сонымен бірге сурет салу мүгедек балалар үшін оңалту және арт-терапияның тамаша түрі болып табылады.

Әр кезеңде жобаның демеушілері болғандар: Астанадағы Финляндияның Елшілігі, Әсел Нұраханова. Сонымен қатар Қордың бокстарына дара тұлғалардың қаржылай көмектері көмектесті.

Жоба жаңалықтары

22.05.2019 г. | 72
«Құланшы» Заманауи Өнер Орталығында есту қабілеті бұзылған балалардың суреттер көрмесі!

«Көркем сурет – сүйіспеншілікпен қаралған сәттегі көріністі бақылауға мүмкіндік береді». Танымал суретшілердің бірі Поль Валеридің сөзін еске ала отырып, бүгін осыны шындыққа айналдыра аламыз деп үміттенеміз! Достар, бүгін біз үшін …

15.09.2018 г. | 180
«Құланшы» инклюзивті көркем студиясына 5 жыл толды!

Жобаны екі жыл бойы қолдап келе жатқан Chevron компаниясына шын жүректен алғыс білдіреміз!

05.04.2018 г. | 351
Тең-теңімен және инклюзивті арт-студия

Бүгін, есту қабілеті нашар балалар арт-студиядағы кәдімгі сабақ орнына пиццаға арналған мастер классқа қатысты. Наурыз мерекесіне орай және студиядағы балалардың үнемі жетістікке жетуіне байланысты оларға арнап шағын мереке ұйымдастырылды. Балалар …