Басты бет / Жобалар / Дарындарды дамыту

Дарындарды дамыту

Талантты дамыту саласындағы жобалар, секциялар мен тәрбиешілерге қолжетімсіз балаларға қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Біз ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін шығармашылық студиялар, спорт секциялары, қосымша білім беру курстарын ашамыз. Біздің секцияларымыздың жұмысының ерекшелігі – жоғары кәсібилік, нәтижелерге (соның ішінде кәсіби бағдарлауға) көзделген және ұзақ мерзімді болып келеді. Шығармашылық немесе спорт болсын, біз әртүрлі балаларды бірлесіп дамытуға, инклюзивті тәсілдерді қолдануға тырысамыз. Біздің студияларымыз бен секцияларымыздың көптеген түлектері жоғары сапалы білім мен дағдыларды үйреніп, әрі қарайғы оқуын және өмірін таңдаған бағытпен байланыстыруда.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін шығармашылық және спорттық даму тек қана көкжиектің кеңеюі және сүйікті ісінде өзін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өз-өзіне деген сенімін арттырып және табысты әлеуметтену мүмкіндігі болып табылады!