Барлық балалар дарынды және толыққанды білім алу мен дамуға бірдей құқылы, ал мамандардың уақытылы және кәсіби көмегі кез келген баланың өмірін жақсы жаққа өзгертуі мүмкін және кемел, бақытты болашаққа мүмкіндік бере алады, әсіресе — мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі үшін бұл маңызды.
Қазақстанда 150 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Қазіргі уақытта олардың ішінен тек 27%-ы қарапайым мектепке барып жүр. БҰҰ-ның Балалар қорының мәліметтері бойынша, Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар балалардың 3 және 6 жас арасындағы 67%-ы мектепке дейінгі мекемелерге бармайды.
Көбінесе дамуында өз ерекшелігі бар сәби дүниеге келген отбасы өз проблемасымен жеке қалып қояды, ары қарай сәбиді қалай өсіріп, не істерін білмей қалады. Ал біздің еліміздегі ерекше бала және оның отбасы кәсіби түзету көмегін мекенжайы бойынша ала алатындай болып жұмыс істейтін арнайы ұйымдардың саны, өкінішке орай, жеткіліксіз.
Осылайша ерекше баласы бар отбасы оған білім беру және кәсіби көмек көрсету үшін оны интернатқа жіберуге немесе онымен бірге көмек көрсетілетін қалаға көшуге, не үйден оқытуға ауысуға мәжбүр болады. Кей жағдайда бала тіптен білім процесінен тыс қалады. Әр балаға тек білім ғана емес, сонымен бірге кішкентай кезінен толық даму, өз құрдастарымен қарым-қатынас және әлеуметтендіру қажет.
Толыққанды және сапалы өзгерістерді жүзеге асыру үшін «Дара» Қоры 2014 жылы бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтары (кабинеттері) жүйесін кеңейту және заманауи жабдықтау бойынша жобаны қолға алды.
ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ – кез келген ерекше бала және оның отбасы үшін дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог сияқты мамандардан сапалы көмек алуға мүмкіндігі болатын арнайы мекемелер. Балаларға және олардың отбасыларына тегін қызмет көрсетіледі және мекенжайы бойынша беріледі. Біздің стратегиялық мақсатымыз – осындай орталықтарды осындай ерекше баласы бар отбасыларға қолжетімді жақын орналастыру.
Тағы басқа фотоларды қарау »
ЖОБА ГЕОГРАФИЯСЫ: Жоба мақсаты – әр облыстық орталықта ең аз дегенде бір орталықтан ашу, соның ішінде Астана және Алматы қалаларында. Екі жылда жоба шеңберінде Қазақстанның 9 қаласында орталықтар ашылды, олардың көбісінде мұндай түзету мекемелері болмаған. Бүгінгі таңда жоба 1800 ерекше баланы қамтиды, осылайша кейбір қалаларда түзету-оңалту қызметтерін алуға тұратын кезек екі есе азайған. Жобаның алдағы жоспарында ең аз дегенде Қазақстан бойынша 8 Орталықты ашу. Сонымен бірге, жоба ашылған түзету кабинеттерін жабдықтаумен де айналысады: Алматы, Астана және Талдықорған қалаларында мемлекет ашқан Түзету кабинеттерін жиһазбен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жоба мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жүзеге асырылатынын атаған жөн. Жергілікті атқарушы билік органдары осындай орталықтардың ашылуына үлкен қызығушылық білдірді және жалпы білім беру мектептерінің базасынан тегін үй-жайларды берді. Қор өз кезегінде үй-жайларды бейімдеу және кедергісіз орта құру және материалдық-техникалық жабдықтау жұмысын атқарады. Демеушілер жағынан біздің бастамамызды ең бірінші болып «Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобалар қоры қолдады және үш жыл ішінде олардың көмегімен 6 Орталық ашылды. Кейін осы жобаға басқа да қазақстандық компаниялар және жеке тұлғалар қосылды. Ашылғаннан кейін орталықтар жергілікті бюджеттердің балансына өтетіні және қамтамасыз етілетіні, осылайша жоба нәтижелерінің тұрақтылығы қамтамасыз етілетіні маңызды.
МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУ: жаңа орталықтардың қызметінің табысты болуының себебі қызметкерлердің кәсіби шеберлігінде. Осы сұрақтың маңыздылығын түсіне отырып «Дара» Қоры жыл сайын дамуында ақаулары бар балаларды оңалту және түзету жұмыстарының бағыттары бойынша халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен көптеген оқыту семинарлары мен мастер-кластарды өткізеді. Жоба қызмет еткен осы уақыттың ішінде мамандар үшін 15 осындай оқыту семинарлары өткізілді. Семинарлардың арқасында біздің орталықтарда көптеген әдістер мен тәсілдер апробациядан өтті және қолданылды, соның ішінде: KID/RCDI баланың дамуының кешенді бағалануы, физикалық терапия, ата-аналарды психологиялық қолдау және оқыту клубтары, психомоторика, ерте араласу, соның ішінде ойын қызметі арқылы. Осындай семинарларды тәмамдаған мамандар өз алдына алған білімдерімен өздерінің аймағындағы, жақын қала және ауылдағы әріптестерімен бөлісетіні маңызды. Біз Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үздіксіз және сапалы болу керек деп сенеміз, себебі мамандардың кәсіби өсуі түзету жұмыстарының тиімді, және ең бастысы нәтижелі болуына тікелей байланысты.
ОТБАСЫН ҚОЛДАУ: баланың дамуында отбасы маңызды рөл атқарады. Біздің Орталықтардың мамандары ерекше балалардың ата-анасына көмекті жүзеге асыруға, әсіресе, психологиялық көмекті беруге ерекше көңіл бөледі. Біздің орталықтарда ата-аналарды балалармен өткізілетін сабақтарға қатыстырады. Ата-аналарға қолдау көрсету клубтары тұрақты түрде жұмыс істейді, бұл ата-аналарда жиналып қалған шаруаларға уақыт бөлу үшін 2-3 сағатқа баланы мамандарға қалдыруға мүмкіндік болу үшін істелген. Дамуында ақаулары бар балалардың отбасыларына берілген уақытылы және сапалы көмек мүгедек балаларды тастап кетуді азайтудағы профилактика.
ЖОБА ДЕМЕУШІЛЕРІ:
- Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Астана, Тараз, Петропавловск, Орал, Шымкент и Усть-Каменогорск қ.— Фонд социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust»;
- Қызылорда қ. —«ҚОР» мұнай компаниясы» АҚ
- Құрық ауылы – «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС
- Алматы қ. — «Fashion for Charity» аукцион демеушілері, «Меридиан M.O.B. Company» ЖШС, «East Trade Solutions» ЖШС, Алматы Халықаралық әйелдер клубы (AIWC), Студенттік Қайырымдылық Қоғамы KazSociety UK, сондай-ақ жеке тұлғалар;
- Талдықорған қ.— Алматы Халықаралық әйелдер клубы (AIWC), сондай-ақ «Burns Dinner» іс-шарасының қатысушылары;
- Павлодар и Шахтинск қ.- «East Trade Solutions» ЖШС;
- Қостанай қ.— «Тенгизтрансгаз» ЖШС;
- Ақмола облысы, Шортанды кенті және. Ақмол ауылы – «Intemotion» ЖШС, сондай-ақ жеке тұлғалар;
- Ақтау қ.– «Жандиг-С» ЖШС, «КАЗПРОМДИАГНОСТИКА» ЖШС, «Centre Asia Trade» ЖШС, «SITEK Caspian» ЖШС.
«Дара» Қорының жобасына психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мекен-жайы:
Астана | |
КППК №1, Сарыарка аймағы, Коктал-2 Құсмұрын к., дом 2, № 68 мектеп ғимаратында | +7 7172 40 80 66 |
КППК №2, Жагалау-3 шағын ауданы, 200 к., ү.4, №71 мектеп ғимаратында | +7 7172 50 18 12 |
Алматы | |
КППК № 1, мкр.8, ү.46, №116 мектеп ғимаратында | +7 7272 49 10 65 |
КППК № 2, Джангильдина к., 27 | +7 7273 97 41 52 |
КППК №3,Физули к., 71 | + 7 7273 93 29 68 |
КППК №4, Шмелева к. 88, ү. 21, №63 мектеп ғимаратында | +7 7273 76 58 29 |
КППК №5, ул. Жарокова 18, №128 мектеп ғимаратында | +7 7272 69 80 31 |
КППК №6, ул. Ратушного 131, №112 мектеп ғимаратында | +7 7273 29 03 16 |
КППК №8, Наурызбайский район, микрорайон Шугыла 340б, №174 мектеп ғимаратында | +7 727 351-79-57 |
Көкшетау | |
КППК №10, микрорайон Центральный 40,№ 41 мектеп ғимаратында | +7 7162 42 67 81 |
Ақтобе | |
КППК ул.Тайбекова, 10, № 4 мектеп ғимаратында | +7 7132 55 46 48 |
Талдыкорған | |
КППК № 1, ул. Тауелсыздык 175 | +7 7282 40 16 10, 30 84 92 |
Өскемен | |
Кокжал Барака к. 8/2. № 46 мектеп ғимаратында | +7 7232 70 50 80 |
Тараз | |
микрорайон Карасу (5), дом 28, №25 мектеп ғимаратында | +7 7262 34 58 59 |
Қарағанды | |
Ержанова к. 13, №48 мектеп ғимаратында | +7 7212 43 47 10 |
Кызылорда | |
Есимхан к., дом строение 19Б, №278 мектеп ғимаратында | +7 7242 70 11 05 |
Ақтау | |
мкр. 8, здание 33,№8 мектеп ғимаратында | +7 7292 600810 |
Құрық ауылының Маңғыстау ауданы | |
Мкр.2, здание 55, Құрық ауылындағы орта мектеп-гимназия ғимаратының артында | +7 72937 52380 |
Павлодар | |
КППК №15, Семенченко к. 70 | +7 7182 21-21-51 |
Петропавловск | |
КППК №2, Жамбыла к. 71 А | +7 7152 53 49 29 |
Костанай | |
Каирбекова к. 349, №4 мектеп ғимаратында | +7 7142-55-92-20 |
Орал | |
Х.Чурина к., ү. 117 | +7 7112 53 51 81 |
Шымкент | |
М. Сапарбаева к. 206/1, Б. Момышулы атындағы №44 мектеп ғимаратында | +7 7252 575845 |
Шортанды ауылының Ақмола облысы | |
50 лет Октября к., ү. 91 | +7 71631 35316 |
Ақмола ауылының Ақмола облысы | |
Гагарина к., ү.15 | +7 71651 30341 |
Қарағанды облысы Шахтинск қ. | |
Молодёжная к., 51 Б (#7 мектеп ғимаратында) | +7 72156 64046 |
Ақтау | |
8 мкр., 33 ғимаратты (#8 мектеп ғимаратында) | +7 7292-600 810 |
Теміртау | |
6 мкр., 7Б ғимаратты (№6 мектеп ғимаратында) | +7 7213 41 53 55 |