Басты бет / Жобалар / Әртүрлі және тең / Инклюзивті білім

Инклюзивті білім

Балалар бірге білім алу керек! Балалардың мектепте бірге оқуы олардың толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізе ғана қоймай, оқуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қабілеттері мен дағдыларын жеделдете дамыта отырып қоғамға бейімделуін қамтамасыз етеді. Бірақ бұл балалардың жалпы орта мектеп қабырғасында білім алу үдерісіне қосылуына бірнеше жағдай жасалуы қажет:

  • қызығушылығы бар және арнайы біліктілік курстарынан өткен мектеп мамандары, тьютордың болуымен қатар арнайы мамандарды жұмысқа алу мүмкіндігі (дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог)
  • кедергісіз инклюзивті орта мен техникалық инфрақұрылым жасау мүмкіндігі
  • жеке оқыту бағдарламасы мен бағалау жүйесінің икемді болуы
  • түзету сүйемелдеу сабақтарының болуы
  • мектептегі инклюзивті және толерантты орта құруға бағытталған нақты қадамдар

Қор инклюзивті білім беруді өзінің психолого-педагогикалық түзету кабинеттері желісі арқылы қолдағалы жатыр. Барлық аймақтарда Қордың бастауымен ашылған түзету кабинеттері келешекте оқуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы орта мектептерде білім алуына негізгі тірек болып табылады. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар пилоттық жоба аясында Астана мен Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылып жатыр. Әлбетте, бұл инклюзивті білім беруді қолдайтын іс-шаралардың бастамасы болатыны анық.

Әдістеме Білім беру саласындағы жетекші мамандарды тарту арқылы мектептерде инклюзивті білімді  ұйымдастыру бойынша Әдістемелік құрал әзірленді және баспадан шықты. Осы құралдың негізінде тәжірибе алмасу және инклюзивті білім берудің практикалық сұрақтарын талқылау бойынша оқыту семинарлары өткізілді, семинарда Астана қаласының және басқа аймақтардың мектеп басшылары мен мұғалімдері осы мәселелерді талқылады. Бұл әдістеме қазақ тіліне аударылып, мектеп мұғалімдері мен басшыларына жүктеп алу үшін сайтта жарияланды.
Заңнама 2014 жылы Қор Қазақстандағы инклюзивті білім беру тұжырымдамасын жетілдіру бойынша ҚР БҒМ-ге ұсыныстар берді, бұл ұсыныстарда икемді оқу жоспары, инклюзивті сыныптарда мүмкіндігі шектеулі балаларды демеудің тиімді жүйесі, педагогикалық кадрларды көлемді қайта даярлау сияқты мәселелерге үлкен мән берілді. Қордың ұсыныстарының көп бөлігі қабылданды және кейін қабылданған тұжырымдама мәтініне енді.
Инфрақұрылым Астана қаласының №65 мектеп гимназиясында керең және нашар еститін балаларға арналған білім беру процесін қолдау үшін ФМ жүйелері сатып алынды және орнатылды. Жүйелер 20 бала үшін екі инклюзивті және екі түзету сыныптарында орнатылды.Алматылық №116 мектепке кохлеарлы импланттары бар балалар оқитын екі сыныпқа инклюзия процесін қолдау үшін ФМ-жүйелері табысталды. Сонымен бірге екі мектеп есту қабілеттері бұзылған балалар үшін арнайы әдебиеттер мен оқулықтардың әдістемелік жинақтамаларын алды.
Ресурстық орталық Инклюзивті білім беру бойынша пилоттық Ресурстық орталық Астана қаласындағы №68 мектепте ашылды және ол пилоттық жобаға қатысатын төрт мектептің инклюзивті білім беруіне қолдау көрсетеді (№68, №19, №41,№59). Сондай-ақ, Алматыда 174 мектептің базасында Ресурстық орталық ашылды және Ақтөбеде екі мектепте ашылады. Ресурстық орталық  – заманауи жабдықталған төрт бөліктен тұратын бөлме: ата-ана кеңес алу аймағы, баланың сергіту және демалу аймағы, ұстаздар мен арнайы мамандардың бірге жұмыс жасауға арналған аймағы, сонымен қатар оқушылардың жеке оқытылуына мүмкіндік беретін аймақ.  Осындай жасалған жағдай әрбір білім алушы баланың дамуына үлес қосып, мектептің мейірімді атмосферасын қалыптастырады.  Аталған инклюзивті білім беру бойынша Ресурстық орталықта мектептер мен ұстаздардың біліктілігін арттыруы, жеке оқыту бағдарламасы бойынша әртүрлі әдістемелік құралдар әзірленеді.

Қор – ҚР Білім және ғылым министрлігінің инклюзивті және арнайы білім бойынша Жұмыс тобының, сонымен қатар бірқатар қоғамдық сарапшылар кеңестерінің мүшесі. Қор сонымен бірге инклюзивті білім беру үшін ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған пилоттық инклюзивтік мектептерде жағдайды қамтамасыз ету арқылы инклюзивтік білім саласына іс жүзінде қолдау көрсетеді.

Сонымен бірге қоғамды, ата-аналарды және педагогикалық қоғамдарды ақпараттық-ағарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Әрдайым инклюзивті білім, балаларды кіріктіру принциптері туралы БАҚ, әлеуметтік желілер және ақпараттық шаралар арқылы ақпараттар таратылады. Қор мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуға және қоғамға кіріуіне құқықтары туралы арнайы бейнебаяндар топтамасы шықты.

Астана қаласындағы Ресурстық орталықтың жұмысы туралы видеоны осы жерден тамашалауға болады.

Жоба жаңалықтары

22.08.2019 г. | 2
Маңғыстау облысы Құрық елдімекенінің барлық орта мектептерінде Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары өз жұмыстарын бастап кетті.

Маңғыстау облысы Құрық елдімекенінің барлық орта мектептерінде Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары өз жұмыстарын бастап кетті. Ресми ашылуы жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келмек. Инклюзивті білім беруді қолдап, өз мектебі үлгісінде …

27.05.2019 г. | 76
Ақтөбедегі Инклюзивті білім беру Ресурстық орталығының ашылуы!

Достар, Мамыр айы өте қызықты сәттерге толы болды! Өткен аптада №16 орта мектебінің базасында Ақтөбе қаласындағы Инклюзивтік білім беру Ресурстық орталығының ашылуы болды! Бұл қаладағы 4-ші Ресурстық орталық болып табылады. …

17.05.2019 г. | 64
 «Тең теңімен» жобасы толық қарқынмен жүріп жатыр!

Достар, «Тең-теңімен» жобасы толық қарқынмен жүріп жатыр және біздің инклюзия туралы идеяларымызбен пікірі ортақ жаңа серіктесіміз пайда болды – Шеврон компаниясы. @chevron жұмысының қағидаларының бірі – әрбір адамның бірегейлігін, оның …