Әлемді ашамыз

Қазақстанда зағип балалар мен көру қабілеті қатты бұзылған балаларға арналған мекемелерге үлкен қажеттілік бар. Мысалы, Астанада 2014 жылға дейін арнайы түзету мекемесі, балабақша немесе зағип балаларға арналған мектептер жоқ болатын. Бұл категориядағы балалар да даму және әлеуметтенуге тым мұқтаж: ойын-сауық орындары және қарым-қатынасқа арналған арнайы жабдықталған алаңдар жоқ. Қор осы жағдайды өзгертуге көмектесетін болды:

2014 жылы Қордың қолдауымен көзі нашар көретін және зағип балаларға арналған түзету кабинеті ашылды.

2015 жылы алғаш рет №10 мектеп-гимназиясында зағип балаларға арналған дайындық сыныбы ашылды, олар қазір жалпы білім беру бағдарламасы аясында оқуларын жалғастыруда. Сынып арнайы жабдықпен, әдістемелік материалдармен және оқу әдебиеттерімен толық қамтамасыз етілді.

2017 жылы сыныпта әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы сабақтар өткізу үшін ӘТБ аймағы жасалды. Бірінші сыныпқа жаңа балаларды қабылдау өткізілді. Дене шынықтыру залы да жасалған болатын.

Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен Ақтау және Ақтөбе қалаларында осындай сыныптар ашылды.

Демеушілердің көмегімен сынып жиһаздармен, арнайы әдебиеттермен және оқулықтармен қамтамасыз етіліп қана қоймай, сонымен қатар рельефті-нүктелік жазу жиынтықтары, арнайы кеңсе техникасы (Брайль шрифтін қолдайтын), оқу машинасы, рельефті жазуға арналған арнайы қағазбен де жабдықталды. Алдында, елордалық әртүрлі мекемелерден келген мұғалімдер мен дефектологтар тобы Қордың ұйымдастырған семинарында Л. Брайльдің шрифтімен жазу және оқу Әдісін үйренген болатын. Сыныпта оқытатын пәндік мұғалімдердің кейбірі зағип балалармен жұмыс істеуге оқытылды. Дене шынықтыру мұғалімдеріне, шетелдік жаттықтырушылардың қатысуымен жеке мастер-класстар ұйымдастырылған болатын.

Сынып туралы және мұғалім Сауле Сағымбаева туралы бейнебаянды осында, сондай-ақ 2016-2017 жылдардағы бейнебаянды түрдегі есепті осында көре аласыздар.

Қор осы жобаны Қазақстанның басқа қалаларында зағип балаларға арналған білім беру мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жалғастыруда. Бұл үшін мүдделі демеушілер, серіктестер және аймақтық білім беру Басқармаларын іздестірудеміз.

Елімізде Брайль шрифтіндегі оқу-әдістемелік материалдар мен әдебиеттер шығаруға, сондай-ақ зағип балалардың әлеуметтік-тұрмыстық бағыттылығы үшін мектеп алаңдарында арнайы құрал-жабдықтарды шығару қажеттіліге бар.

Жобаның бас демеушісі бірнеше жылдар бойы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG компаниясы болып келеді. Сонымен қатар «Astana Food Festival», Қазақ географиялық қоғамы, корпоративтік Қайырымдылық форумы, «Байер КАЗ» ЖШС және Қор қораптарына жасалған жеке қайырымдылықтар көмектесіп келеді. Жоба Қазақстанның облыс орталықтарында зағип балалардың білім алу мүмкіндіктерін жасауға жаңа демеушілерді күтеді!

Жоба жаңалықтары

IMG-20190213-WA0007
18.02.2019 г. | 10
Өскемен қаласының №19 орта мектебінің базасында зағип балаларға арналған сынып ашқалы жатырмыз!

Сізді хабардар етеміз! ШҚО білім беру басқармасымен бірлесіп, Өскемен қаласының №19 орта мектебінің базасында зағип балаларға арналған сынып ашқалы жатырмыз. Барлығы оқудың басталуына дайын. Қазірдің өзінде осы сыныпқа оқушылар келіп …

LRM_EXPORT_43200119536067_20190206_152745912
10.02.2019 г. | 12
Cірә, шоколад тортты ұнатпайтын бала жоқ шығар!

Cірә, шоколад тортты ұнатпайтын бала жоқ шығар! Сондықтан да болар, мұғалім Амангүл Бекмурзаевна бүгінгі күнгі әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағында тортты пісіріп көрейік деген кезде, балалар бұл тапсырманы қуана орындауға кірісті! Олар …

IMG-20181221-WA0056
23.12.2018 г. | 27
Көру қабілеті нашар балалар Жаңа Жылдық сыйлықтарын алды!

Барлығы Жаңа Жылды асыға күтетін шығар. Әсіресе балалар! Әрине, себебі оларға көптеген сыйлықтар сыйланады – армандаған, әрі Аяз атадан хат жазып сұраған қызықты, тәтті, ерекше, жарқын сыйлықтар. Ал ересектерге түсетіні …