Тілектер шыршасы

Қор өзінің балаларын Жаңа жылмен құттықтау үшін жыл сайын «Тілектер шыршасы» жаңа жылдық акциясын өткізеді. Акция барысында біз атаулы және дамыту мен оқыту жағынан пайдалы сыйлықтарды жинаймыз. Қор демеушілерден, білім беру ұйымдарынан және еріктілерден көмекті аздау алатын балаларды құттықтауға тырысады. Бірнеше жыл бойы бұл акцияға жағдайы төмен отбасыларының мүмкіндігі шектеулі балалары қатысып келеді, олардың қатарында үйде оқытылатын балалар да бар.

Жыл сайын қаланың әртүрлі орындарында конверттер ілінген әдемі шыршаларды көруге болады, бұл конверттердің ішіне біздің балалардың ең аяулы тілектері жазылған. Кез-келген адам бұл акцияға қатысып, бір баланың арманын орындап, бір сәтке Аяз атаға айнала алады.

Жыл сайын біз жаңа жылға таман балалардың тілектері жазылған 400-ден 1000 дейін конверттерді аламыз және біздің сенімді серіктестеріміз бен демеушілеріміздің, сонымен бірге Астана және Алматы қаласының тұрғындарының көмегімен балалардың барлық тілектері орындалады! Біз жыл сайын үлкен мерекелік шараны ұйымдастырамыз, бұл жерде балалар өздерінің сыйлықтарын қуана алады, сыйлықтардың түрі сан–алуан: ойыншықтар мен кітаптар, велосипедтер, тірек жүргектер және орындықтар, тіпті телескоптар да бар.

Осы уақытқа дейін «Тілектер шыршасы» акциясынан  дара сыйлықтарды келесі мекемелердің балалары алды:
  • Жағдайы төмен отбасыларынан ерекше балалар, сонымен қатар үйде оқытылатын балалар, Астана қ.
  • Алматы қ. «Шымбұлақ» туберкулезге қарсы шипажайы
  • Астана қ. Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі
  • Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, Астана қ.
  • №65 мектептің түзету және инклюзивті сыныптары, Астана қ.
  • Астана қ. Арнайы түзету мектеп-интернаты
  • Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп, Алматы қ.
  • Урюпийлік балалар үйі
  • Онкологиялық аурулармен ауыратын балалар, Алматы қ.

Акцияның әр кезеңдегі демеушілері мен серіктестері болғандар:

Ұйымдар:

  • «Қарағанды кәмпиттері» АҚ
  • «Marrone Rosso» кофейнясы
  • «M&K» білім беру орталығы
  • «Sadu» мейрамханасы
  • «Gourmet» кулинарлық клубы
  • «ҚазМұнайГаз» РД компаниясы

Компаниялардың қызметкерлері:

  • «Қазақмыс» корпорациясы
  • «KPMG» компаниясы
  • «Самрұқ Қазына» АҚ
  • «Хабар» агенттігі
  • «Цеснабанк» АҚ
  • «Altyn Bank» АҚ

Дүкендер:

  • Arta di casa
  • Joseph
  • Marina Rinaldi
  • Max Mara
  • Max&Co
  • Prive
  • «Californication» салоны

Мектептер:

  • QSI
  • Haileybury Astana
  • Нұрорда
  • ХҮБК

Жоба жаңалықтары

1450759173_merry-christmas-1
24.12.2015 г. | 418
Тілектер шыршасы – ғажайыптар әлемі!

«Дара» қоры Астана қаласындағы үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 300 балаға сенбі күні көлемді жаңажылдық іс-шара өткізеді. Бір ай бұрын балалар Аяз атаға хат жазған соң,  бір ай бойы қайырымды жандардан …