Памперс Драйв

Бөбектерге жөргек не үшін қажет? Сәбилер үйі мен интернаттық мекемелерде бұл ең қажетті өнім. Балаларға таза және құрғақ болып қалу үшін бір реттік жөргектердің көп мөлшері қажет, бұл әсіресе суық кезде және тұмаурату көп болатын қысқы мерзімде өте өзекті мәселе. Өкінішке орай, осы мақсатқа бюджеттік құрал аз және сирек бөлінеді.

Жыл сайын күз мезгілінде біз Астананың халықаралық мектептерінің оқушылары арасында осы акцияны өткіземіз, бұл біріншіден жасөспірімді қайырымдылыққа және көмектесуге байлу, ал екіншіден келесі мекемелердің сәбилерін жөргектердің қажетті санымен қамтамасыз ету үшін жасалады:

  • Щучинскідегі балалар үйі
  • Шелек ауылының сәби үйі
  • Астана қаласының мамандандырылған сәбилер үйі

Акцияға төмендегі елордалық мектептердің оқушылары қатысады:

  • QSI америкалық мектебі
  • «Haileybury Astana» мектебі
  • Халықаралық үздіксіз білім берудің колледжі (ХҮБК)
  • «Нұрорда» мектебі

Акция жарыс ретінде өткізіледі: жөргектердің ең көп санын жинаған сынып Қордан сыйлық алады!

Жыл сайын жиналған жөргектердің саны өсіп келеді. Мысалы, бірінші жылы 12 000 жөргек, ал 2015 жылы 20 000 жөргек жиналды, бұл қысқы кезеңге үш сәбилер үйінің балаларын  жөргектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Егер сәбилер өздерін жайлы сезінсе, бұл олардың дамуына оң әсер береді.

Жоба жаңалықтары

26000846_1888961477799442_6787779661879251152_n
26.12.2017 г. | 115
Алматыдағы Pampers Drive!

57000-ға жуық памперстен жасалған тауды елестете аласыз ба? Бұл өте көп! Бұл біздің Pampers drive акциясы аясында Алматы оқушылары жинаған памперстердің саны. Біз Алматыдағы және Алматы облысындағы үйлерге, әрі балалар …

10014909_1163986813630249_668732634334564142_o
23.11.2015 г. | 398
Сәбилерге арналған жөргектер!

Щучинскідегі Балалар үйіне екі машинаға тиеліп, 10000 жөргек апарылды.  Алдағы уақытта  Шелек қ. Сәбилер үйіне және Астана қаласындағы Сәбилер үйіне  бару жоспарланған. «Pamper’s Drive» акциясына қатысқан қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз, …

ae265ec8d02add74bcb0f72e47ec001b_S
20.11.2015 г. | 345
Pamper’s Drive акциясының аралық қорытындысы

Pamper’s Drive акциясының аралық қорытындысын шығардық және қазірден-ақ рекордқа жеткеніміз анықталды! QSI, Мирас және  ХҮБК мектептерінде екі апта ішінде 13 000 жөргек жиналды, яғни Щучинскідегі және Астанадағы сәбилер үйінің балалары …