Басты бет / Қор туралы / Қордың миссиясы және құрылымы
«Дара» қорының миссиясы – жетім, мүмкіндіктері шектеулі және науқас балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және оларды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру. Қор өз қызметін балалардың медициналық мекемелері, балалар үйлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттары арқылы жүзеге асырады.
Біз барлық бала дарынды, білім алуға және дамуға тең құқылы екендігіне анық сенеміз. Сондықтан біздің жобаларымыздың басым бөлігі балаларды оқытуға, олардың шығармашылық дағдыларын дамытуға, қалпына келтіруге және кәсіби жақтан жәрдем беруге бағытталған. Сондай-ақ, Қор мүмкіндіктері шектеулі және жетім балалардың құқықтарын іске асыруға қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады және реформаларды алға жылжытуда басқа қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

Қордың Астана және Алматы қалаларында кеңселері бар, бірақ өзінің стратегиясына сәйкес бүкіл Қазақстандағы балалар мекемелеріне көмектеседі.

Қордың жобалары туралы қысқаша ақпаратты біздің ақпараттық брошюрадан таба аласыз.

Сондай-ақ, мұнда таныса аласыз:

Сізге бей-жай қарамағаныңыз үшін рахмет!