Басты бет / Көмек жолдары / Корпоративтік серіктестік
Ірі нәтижелерге және өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ірі жобалар көбінесе үлкен демеушілер және корпорациялармен серіктестікті қажет етеді. Қор икемді корпоративтік серіктестік саясатын жүргізеді және Қордың жалпы миссиясына қайшы келмейтін болса, компанияның әлеуметтік саясатына және оның басымдықтарына сәйкес жобаларды ұсына алады. Қор қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі, халықаралық ұйымдар деңгейінде талаптарды ескере отырып, жобаны әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік береді.

Бірнеше жыл бойы «Дара» қоры Маңғыстау облысының Құрық ауылында балаларға арналған әлеуметтік көмек жобаларын жүзеге асыру үшін «Ерсай Каспиан Контрактор» компаниясының корпоративтік серіктесі болып келеді. «Ұласу» жобасы Құрық ауылы балаларының, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу, медициналық және мәдени ортасын жақсарту мақсатында әзірленді. Жоба аясында Қордың басқа да бағдарламаларының ең жақсы жетістіктері жергілікті қауымдастықтың әлеуетін арттыру үшін қолданылуда.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жетім балаларды қолдау бағытында «Дара» «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар Қорының серіктесі болып табылады. «Samruk Kazyna Trust»-пен бірлесе отырып, Қор еліміздің түрлі өңірлерінде мүгедек балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттер желісін кеңейту бойынша «Әр-алуан, бірақ тең» жобасын, сондай-ақ «Тәлімгер» жобасын жүзеге асыруда.

Қор Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG-мен табысты ынтымақтастық жасайды: «Әлемді ашамыз» жобасы Астанадағы зағип балаларды қолдайды, сондай-ақ кәсіби мамандар мен оқытушыларға арналған жыл сайынғы білім беру іс-шараларын өткізеді. «Шеврон» және «Эйр Астана» компаниялары әлеуметтік саладағы Қордың бірқатар табысты жобаларын жүзеге асыруындағы тұрақты серіктестері болып табылады.

«Корпоративтік тәлімгерлік» жобасының аясында Қор EY, P.E.T компанияларымен және бірқатар қоғамдық тамақтандыру ұйымдарымен бірлесе отырып  жетім балаларды бейімдеу және кәсіптік даярлау үшін Астанадағы балалар үйінде жұмыс істейді.

rukopozhatie-rukopozhatie-v-kartinkah-delovoe-rukopozhatie-rukopozhatie-klipart-70529912591

«Haileybury Astana» Халықаралық Мектебі, «QSI», «Мирас» және «МКНО» мектептерімен бірлескен іс-шаралар мен акциялар арқылы тұрақты серіктестік жүзеге асырылады.

Қордың елшіліктердің жыл сайынғы гранттық байқауларына қатысу тәжірибесі бар: Қазақстан Республикасындағы Финляндия Елшілігінің грантының («Қазақстандағы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау» жобасы, 2013 ж.) және Қазақстандағы Жаңа Зеландия Елшілігінің грантының («Жетістікке жету жолы» жобасы, 2014 ж.) иегері.