Басты бет / Көмек жолдары / Онлайн-қайырымдылық

Балаларға шынымен көмектескісі келетін, бірақ уақыт және ақшамен шектелген адамдар үшін ыңғайлы тәсіл!

Кеңседен немесе үйден шықпастан, Сіз шағын ақы төлеу арқылы жақсы амалдар жасай аласыз. 2014 жылдан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өңдеу орталығымен бірлесе отырып, достарымыз бен серіктестерімізге кез-келген банктің банк картасынан «Дара» қорының веб-сайты арқылы қайырымдылық жарнасын аударуға мүмкіндік туды. Аударма тез және өте қауіпсіз орындалады.

Сіз төлемдер көлемі мен жиілігін өзіңіз таңдайсыз, сонымен бірге сіз Қордың кез-келген нақты жобасын демеушілік үшін таңдай аласыз. Сіздің сұранысыңыз бойынша қаражаттың жұмсалуы туралы толық есепті ұсынуға дайынбыз. Төлем карточкасынан ақша аударымдары әлемнің көптеген дамыған елдерінде жеке тұлғалардың қайырымдылық қызметін жүзеге асырудың өте танымал тәсілі болып табылады және Қазақстандағы карточкалық жүйенің дамуы барысында біздің елде де танымал болып келеді.

Жақсылықты бірге істейік!