Екібастұз қаласында мейрамға орай ППТК ашылды!

Достар, осы жарқын мерекеде Екібастұзда Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тағы бір платформасы пайда болды!

Бұл, «Дара» қайырымдылық қорының серіктесіміз — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе ашқан 11-ші орталығы болып табылады және біздің Қазақстан бойынша түзету кабинеттеріміздің картасындағы 27-ші орталық.

Арнайы бала өсіп келе жатқан жылына 150-ден астам отбасы өздерінің қалаларында жоғары білікті мамандар тобынан тегін көмек ала алады!

Ашылу салтанатына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Дияс Азбергенов қатысты.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті №2 орта мектебінің базасында, келесі мекен-жайда ашылған болатын: Машхүр Жүсіп көшесі, 103А.

Опубликовано в: Без рубрики