БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА

Сазбалшық терепаиясы – бала қиялын толықтыратын және шығармашылық әлеуетін арттыратын жағымды үрдіс. Сазбалшық мүмкіндіктері шектелген балалардың қол моторикаларын жақсартып, сенсорикалық сезінуі мен жалпы бала дамуына жағымды әсерді қамтамасыз етеді. Осы бойына жағымды энергияны сыйдыра білген табиғаттың керемет сыйын қолдана отырып, балалардың шығармашылық тұрғыдан дамуына мүмкіндік бергіміз келеді.

Қордың «Әлемді ашамыз» ерекше жобасының мақсаты көрмейтін балалардың үйде отырып, басқа аймақтарға отбасына жырақ кетпей білім алуына жағдай жасау.

«Әлемді ашамыз» жобасы аясында 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе және Өскемен қалаларындағы 38 көрмейтін балалармен сазбалшықпен алғашқы сабақтар жүргізіледі. Әр мектепке қыш шеңбері және сабаққа арналған сазбалшық сатып алынды. Сазбалшық терапиясы балаларға жәй ғана ермек емес, келешектегі кәсібіне айналуы мүмкін.

9-12 қыркүйек аралығында Ақтау және Ақтөбе қалаларында Нұр-Сұлтан қаласының қыш шеберлері сазбалшық терапиясы бойынша мастер-кластар сериясын өткізеді.Бұл мастар-кластарға барлық балалар мен олардың ата-аналары, көрмейтін кластағы балалар және БАҚ – ның өкілдері шақырылады.

«Әлемді ашамыз» жобасының аясындағы сабақтар қордың тұрақты серіктестері КПМГ Қазақстан және Орталық Азия компаниясының қолдауымен жүзеге асуда.

САЗБАЛШЫҚ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ЖУРНАЛИСТЕРДІ ШАҚЫРАМЫЗ:

9-10 қыркүйек 2019 ж. сағ.10.00-ден 18.00-ге дейін Ақтау қаласы, 32 б шағын ауданы, КММ «Облыстық мүмкіндігі шектеулі балалар мектеп-интернаты»

11-12 қыркүйек 2019 ж. сағ.14.00-ден 18.00-ге дейін Ақтөбе қаласы, Гришина 13,. КММ «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені».

Анықтама: Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудың 14 жылдан астам тәжірибесі бар «Дара» жеке қайырымдылық қоры бүкіл Қазақстан бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу, даму және әлеуметтену қабілетін кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Қор ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 26 орталық ашты, онда 7000-нан астам бала мамандардың ақысыз қызметтерін алды, Қазақстанның барлық облыстарындағы, сонымен қатар 5 қалада орта мектептер базасында 20-дан астам инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталықтар ашылды, арнайы сыныптар ашылды. зағип балаларға арналған. Қордың қызметі туралы толық ақпаратты біздің http://www.dara.kz сайтынан біле аласыз.

Опубликовано в: Без рубрики