Алғаш рет көру қабілеті жоқ балалар тобы жазғы демалыста «Дарын» лагеріне барады!

Достар, біз визуализациямен бөлісеміз және бұл шынымен де болса екен дейміз!

Шығыс Қазақстан облысындағы «Дарын» жазғы лагері, онда біз 15 зағип баланың «Әлемді ашамыз» жобасының мамандандырылған сыныптарында оқып, құрдастарымен бірге жазғы демалысын өткізсе екен дейміз! Бұл өте жақында болады — 28 маусымнан 4 шілдеге дейін!

Соңғы айлар барысында біздің команда Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы, ата-аналар және мамандармен бірге осы бірегей жобаны белсенді түрде дайындап жатыр.

Сонымен қатар, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Тифлопедагогика кафедрасының үздік ресейлік мамандарын — Денискина Венера Закировна мен Шведова Наталья Петровнаны шақырған болатынбыз.
Осылайша «Әлемді ашамыз» жобасы өз көкжиегін кеңейтуде, сонымен қатар бір қарағанда қарапайым көрінген жазғы демалысты ұйымдастыруда үлкен мағына жатыр деп білеміз, дәлірек айтқанда, тұрақты стереотиптерді өзгерту және қоғамдағы зағип баланың мүмкіндіктері шектеулі дейтін парадигманы өзгерту мақсатында екенімізді атап өткіміз келеді. Біз керісінше — мүмкін емес нәрсе жоқ деп білеміз!

Бұл біз үшін жаңа бір тәжірибе болмақ және шілде демалысын күтудеміз әрі дайындық үстіндеміз! Біз сізді жаңалықтармен үнемі хабардар етіп отырамыз, демалыс қалай өтіп жатқанын, балаларға қандай бағдарлама ұйымдастырылғанын және жарқын фотосуреттер мен бейнелерді бөлісетін боламыз!

Біздің отандастарымызға, Google-дың сарапшыларына, сондай-ақ олардың әріптестеріне Қазақстандағы осындай бірегей жобаны іске асыру мүмкіндігіне жол ашқаны үшін алғыс айтамыз!

PS: Достар, біз Нұр-Сұлтан немесе Өскеменде жазғы лагердің жарқын сәттерін түсіріп алуға дайын бейне-операторлар мен фотографтарды іздестірудеміз. Дайректке жазыңыз немесе сайтта көрсетілген контактілерге хабарласыңыз.

Опубликовано в: Без рубрики