Главная / О фонде / Новости / Разные-равные / Кабинеты коррекции / Проекты / Новости / Разные-равные / СМИ о нас / Ақтауда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.
1522230935_article_b_1500_
Ссылка на оригинальную статью

Ақтауда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.

Ақтауда «Дара» қайырымдылық қорымен «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасының аясында «Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Салтанатты рәсім Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаеваның қатысуымен өтті.
«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» бағдарламасында: «Менің назарымдағы басты мәселе – әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету» деген болатын. Олай болса, бүгін «Дара» қайырымдылық  қорының құрылтайшысы, қазақтың қарапайым қызы  Гүлнар Досаеваның қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық  түзету мекемесінің ашылуына өздеріңіз куә болып отырсыздар.   Аталған мекеме бүгіннің өзінде Ақтау қаласындағы 270-ке жуық мүмкіндігі шектеулі баланың 35-ін қабылдап, өз жұмысын бастап кетті»,  деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

«Ақтау қалалық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мақсаты –  сөйлеу, көру, есту қабілетінде, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен дамуында қандай да бір қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық және медициналық көмек көрсету. Жеке даму бағдарламасына сәйкес дефектолог, логопед, тифлопедагог, стардопедагог, олигофренопедагог, психолог, әлеуметтік педагогпен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі», деді «Дара» қорының өкілі Гүлнар Досаева.

Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Маңғыстау облысы  бойынша  4968 мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілер тіркелген. Арнайы білім беру ұйымдарында 49 арнайы педагог, 23 логопед, 19 олигофренопедагог, 7 сурдопедагог  жұмыс жасайды. «Дара» қайырымдылық қоры мүмкіндігі  шектеулі  балаларға арналған  мектеп-интернатындағы көзі көрмейтін балаларға арналған  Брайль жүйесі бойынша жазу машинкасын табыстады.

«Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаева мен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Құрық психологиялық-педагогикалық кабинетінің жұмысымен танысып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңының ашылуына қатысты. Өңірде 2018 жылдың  соңына дейін  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға арналған Мұнайлы  ауданынан Педагогикалық-психологиялық және медициналық  кеңес  (ПМПК), Түпқараған ауданы, Ақшұқыр  ауылынан Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу бағытында  жұмыстар  жүргізуде.