Басты бет / Жобалар / Тәлімгер

Тәлімгер

«Дара» Қоры «Бала отбасында тұруы керек» деп аталатын қоғамдық қозғалыспен бірге 2014 жылдан бастап Алматы және Астана қалаларының балалар үйлерінде «Тәлімгер» жобасын жүзеге асырып келеді.

Тәлімгер баланың өзіне деген сенімінің артуына және өз күшіне деген сенімділіктің дамуына көмектеседі, өзін жақсы танып білуге, өміріндегі мақсаттарын түсінуге және оларды жүзеге асыруға жауапкершілікті өз мойнына алу үшін жағдай жасауға тәлімгердің көмегі тиеді.

«Тәлімгер» жобасы үш бағыт бойынша жұмыс істейді:

Біріншісі –  1014 жас аралығындағы балаларға тәлімгерлік.

10 жастан төмен балаларға тәлімгерлік жүргізілмейді, себебі жасына байланысты бұл балаларға тәлімгер, асырап алушы немесе демеуші арасындағы айырмашылықты түсіндіру қиын. Көп жағдайда сәби бұл жаңа ана немесе әке деп үміттенеді. Әрине, тәлімгерлікке басынан асырап алу туралы ойланатын тәлімгерлер келеді, алайда бұл тәлімгер болғысы келетін адамға міндетті талап емес. Тәлімгерлік – асырап алуға дайындықтың тамаша моделі, әсіресе, егер бұл жерде үлкен бала, жасөспірім туралы сөз болатын болса. 8–10 жастан асқан балаларда түсініктің қажетті деңгейі бар, бұл кезде адамдарда қарым-қатынастың әртүрлі рөлдері болатынын, тәлімгер мен ата-аналар болатынын түсіндіруге болады.

Жоба балалар үйіндегі балаларға көмектескісі келетін еріктілерді де тартады, бірақ, әрине, тиімді көмектескісі келетіндерді ғана. Еріктілер  тәлімгерге айналады, балалармен араласып, дос болып, өз кеңестерін береді және баланы ересек өмірге дайындауға қатысады. Бұндай достық пайда болуы үшін арнайы әдістеме әзірленген. Алдымен потенциалды тәлімгерлер мен балалар жиналатын үлкен, ұжымдық кездесулер өткізіледі. Балаларда сайысқа қатысу немесе бәсекелестік сезімі пайда болмауы үшін біз үлкендердің санын көбірек қыламыз. Бұндай кездесулерде потенциалды тәлімгерлер және балалар бір-бірімен ресми емес жағдайда танысады. Себебі, достық қарым-қатынас пайда болуы үшін адам ретінде ұнату және ортақ қызығушылықтар қажет қой. Осындай үлкен кездесулер бірнеше рет өткізіледі, нәтижесінде «тәлімгер — бала» жұптары пайда болады. Бала өз тәлімгерімен бірге қатысатын бірқатар кішкентай кездесулерден кейін жеке жұмыс басталады. Баламен жеке қарым-қатынасты бастамастан бұрын тәлімгер міндетті түрде психологиялық емтиханнан және тәлімгерлер мектебіндегі оқудан міндетті түрде өтетінін атап өткен жөн. Мектепте тәлімгерлер осы жастағы балалармен қарым-қатынастың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттейді және тиімді қатынасты құруда кеңестерді алады.

Тәлімгерлер және балалар кездесулері алдымен балалар үйінің ішінде өтеді, ал кейін қарқоршылық органдарынан және балалар үйінен қажетті құжаттар жиналғаннан кейін «қонақтық келісімге» қол қойылады да, кездесулер балалар үйінен тыс жерлерде өтеді. Бұл өте маңызды бөлік, себебі тәлімгерлер балалар үйінен тыс жерде балаға шынайы өмірді тануға және қажетті машықтар туралы ойлануға көмектесуге мүмкіндіктері болады. Тәлімгерлер балалармен тек музей мен көрмелерге, білім беру мекемелеріне ғана барып қана қоймай, сонымен бірге дүкендерде жүруге, пайдалы тағамдар дайындауды үйретеді және өздерінің кәсіптерімен, қызығушылықтарымен таныстырады.

Тәлімгерлік — бұл тек жай ғана достық емес, бұл жауапты жұмыс. Мұнда бір ғана ықылас жеткіліксіз. Жасөспірім жастағы балалар көбіне өздеріне қажетті сұрақтарды көп қояды, олар өз мамандығын таңдауда ғана емес, сонымен бірге өздерінің жеке сұрақтарын да қояды. Құрдастармен қарым-қатынас, оқу, туыстар, болашақ туралы сұрақтар — осының көбісі оларды күнде мазалайтын мәселелер. Осы жұмыс жүргізіліп, тәлімгерлер құлшынысты жоғалтпауы үшін, жоба демеу көрсету қызметін құрады, тәжірибелі психологтар мен басқа да мамандарды жұмысқа шақырады.  Тәлімгерлер айына бір рет Тәлімгерлер клубына баруға мүмкіндіктері бар, онда олар өздерінің тәжірибелерімен бөліседі және мамандардан кеңестер алады.

Екінші бағыт –  коучинг, 14 жастан асқан балалармен жұмыс істеу.

Коуч — жеке мәселелерді шешуге және мақсаттарға қол жеткізу машықтарын дамытуға көмектесетін жеке бапкер. Коуч ынталандырады, уақытты, машықтарды тиімді қолдануды, басқа адамдармен коммуникацияны орнатуға үйретеді. 14 жастан асқан жасөспірімдер жиі мотивация жетіспеушілігінен, еріншектік сияқты нәрселерден қынжылады. Бұл көбінесе терең психологиялық уайымда тығылуы мүмкін. Коучтардың есептері бойынша балалардың тез шаршайтыны, шаршайтынын айтып, жиі шағымданатыны белгілі. Психологтардың пікірі бойынша мұндай үнемі шаршау жасөсіпірімдерде жиі психологиялық проблемаларға байланысты болады: көп күш уайымшылдыққа кетеді, мысалы, ата-анасына деген реніш, және осылайша іс жүзінде өзінің жоспарларына (оқу, спорт) күш қалмауы мүмкін. Сол себепті коучтардан басқа, жобада психологтар да жұмыс істейді. Кейбір балалармен жеке жұмыс жүргізіледі, қалғандарымен топтық арт-терапия форматында жүргізіледі.

Үшінші маңызды бағыт — корпоративтік тәлімгерлік.

Компаниялар да тәлімгер бола алады. Балалардың өміріне еш көмегі жоқ, керісінше, иждивенттік қатынасты дамытатын кең таралған мерекелік науқандар мен бір реттік шараларға қарама қайшы жоба – балаға білім, мамандық, бәрі ұмытып кетсе де, әрдайым қасынан табылатын тәлімгерді іздеуге көмектеседі. Компанияның қаржылық көмектесуге мүмкіндігі бар, сонымен бірге балалар тобына немесе бір балаға тәлімгер болып: тағылымдама ұйымдастыруға, стипендия беруге де болады. Тек жұмысқа алып қана қоймай, компанияда әлеуметтік тұрғыдан орнығуға, пайдалы машықтарды алуға көмектеседі.

Баланы қонақ болатын отбасыға уақытша беруге қажетті құжаттар тізімі:

  1. Баланы өзінің отбасына алуға ниет туралы өтініш (еркін түрде. Өтініш үлгісін Балалар үйінің әлеуметтік қызметкерінен алуға болады)
  2. Жеке куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың көшірмесі (түпнұсқамен бірге ұсынылады)
  3. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы қасақана жасалған қылмыс үшін сотталмағандығын дәлелдейтін анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуі де ұсынуы керек)
  4. Мекенжайынан анықтама
  5. Ішкі істер органдарынан тұрғылықты жері бойынша оң мінездемені растайтын анықтама
  6. Бала уақытша болатын тұрғынжайға азаматтың жекеменшік құқығын немесе тұрғынжайды пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі (түпнұсқамен бірге ұсынылады). Пәтерді жалға алып тұрып жатқан жағдайда, жалға алу шарты ұсынылады.
  7. Табыс туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуі де ұсынуы керек)
  8. Денсаулығы туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуі де ұсынуы керек)
  9. Отбасы мүшелерінің баланы қабылдауға келісімі
  • Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (Балалар үйінің әлеуметтік қызметкері береді)
  • Баланың өміріне және денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ететіні, баланың толыққанды және дұрыс тамақтануына кепілдік беретіні туралы нотариус куәландырған өтініш.
Жобаға қатысу үшін біздің төмендегі байланыстар арқылы хабарласуға болады:

Жобалар мен жетістіктер тарихы туралы оқыңыздар: https://www.facebook.com/mentoringkz

Жоба жаңалықтары

tild6666-6139-4834-a631-366637636565__123
15.01.2018 г. | 35
Соңғы екі жылдағы «Тәлімгер» жобасы туралы мәліметтер

Осы сенбі күні Астанада кезекті тәлімгерлер мектебі басталады! Тәлімгерлер мектебі – бұл эмоционалды интеллект пен құзыреттілікті дамытуға ғана емес, сонымен қатар, саналы түрдегі ата-аналық, балалық шақтың ерекшеліктерін және тағы басқаларды …

25994913_1888948651134058_1734977345060308224_n
26.12.2017 г. | 38
Алматыдағы балалар мен олардың коучтерінің жаңа жылы!

Балалар мен олардың коучтеріне арналған жаңа жылдық корпоратив Дублин мейрамханасында жасалатын болды! Би, конкурс және көл-көсір қарым-қатынас, барлығы шын жүректен қуанып алды! Кештің соңында балалар өздерінің коучтерімен өткен жылдың тамаша …

24852486_1870099379685652_6543378354570175549_n
11.12.2017 г. | 37
Алматы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған кәсіби бағдар беру турының жалғасы

Алматы желдеткіш зауыты – Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби бағдар беру турының келесі аялдамасы Бүгін, балалар техникалық мамандықтармен танысып, зауыттың бүкіл «асүйін» көрді. Бізге зауыттың барлық өнімдерін және …