Футбол командасы

Алматылық №5 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының жанында Футбол секциясы жұмыс істейді. Жаттықтырушы – кәсіби футболшы, есту бойынша мүгедек және ұлттық құраманың мүшесі Асыл Ибраимов. Аптасына үш рет 11-17 жас аралығындағы  саңырау балалардан тұратын екі топ футболмен айналысады. Осыдан басқа Қор команданың республикалық және халықаралық сайыстарға  тұрақты қатысуын қамтамасыз етеді. Секцияның көптеген түлектері үшін футбол тек қызығушылық пен хоббиге ғана емес, өздерінің болашағымен байланыстыратын кәсіби іске айналды.

Футбол секциясы 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, сол кезде серіктестер мен демеушілердің көмегінің арқасында мектептің ауласында нағыз футбол алаңы салынды және кәсіби жаттықтырушы таңдалған болатын.

Орталық Азия туралы екі сериялы кітап-фотоальбомдарды щығарған және сатылымнан түскен қаржыны біздің командаға арнаған ирландық суретші Мэри О’Коннордың қолдауымен команда жыл сайын Словакияда өтетін нашар еститін жастардың Халықаралық турниріне қатысады. 2015 жылы команда алғаш рет осы Турнирден алтын алып келді! Біздің футбол секциямыздың үлгісі мүгедек балалардың да дарынды болатынын, бірақ олардың дарынын ашу үшін жағдай жасалу қажет екенін көрсетеді. Ал өнер мен спорт арқылы оларды көрсетудің мүмкіндіктері мол.

футбольная команда

Команданың бұрынғы жылдардағы демеушілері: «Шеврон» Компаниясы, ҚР Футбол Федерациясы, Мэри О’Коннор, жеке демеушілер. Қазір команда балалардың кәсіби спортқа оқуын жалғастыру үшін жаңа демеушіні іздестіруде!

Жоба жаңалықтары

23380292_1841942832501307_3434164107409193644_n
13.11.2017 г. | 72
Біздің футзалдағы командамыздың жаңа оқу жылы!

Алматыда оқу жылы басталғалы бері, есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат №5 оқушыларынан тұратын біздің футзалдағы футбол командамыздың жаттығуы да басталып кетті. Жаттығуға ұлдар кешікпей жиналып, жаттықтырушыны асыға күтеді, өйткені …

WhatsApp Image 2017-07-14 at 4.40.03 PM
14.07.2017 г. | 229
Күміс бізде!

Біздің футбол командамыз жаттықтырушы Ибраимов Асылмен бірге Прессов қаласында (Словакия) өткен 17 жасқа дейінгі саңырау жастар арасында тұрақты түрде өтетін халықаралық футзал турниріне қатысты. Команда жаңа болғанымен және жігіттер бір-ақ …

1436871239_preshov-obshhaja
14.07.2015 г. | 6
Бірінші орын

10 маусымда Алматыдағы саңырау балалар мен құлағы нашар еститін балалар оқитын №5 және  №210 мектептерінің оқушыларынан құрылған футбол командасы Словакияда өткен футзал бойынша Халықаралық турнирде І орынды  иеленді.   Пенальтиалар сериясынан …