Басты бет / Жобалар / Дарындарды дамыту / Білім беру курстары

Білім беру курстары

Қор әрдайым балалар үйі мен жағдайы төмен отбасыларындағы балалардың машықтары мен мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған білім беру курстарын қолдап келеді. Өкінішке орай, осы деңгейдегі көптеген балаларда уәж қатты төмен, олар бастаған істерін аяғына жеткізбейді, туындайтын қиындықтардан қорқады және оқудан практикалық пайда көрмейді. Сол себепті курстарды ұйымдастырған кезде біз балалардың мүмкіндіктері мен оқуға ынталарын қарастырамыз. Сонымен қатар коучтар мен тәлімгерлер командасы мотивация бойынша үлкен жұмысты істейді, олар балалардың тіл мен пәндерді оқуға ынталарын қолдайды.

Келесі мекемелердің балалары тұрақты түрде білім беру көмегін алып тұрады:

  • Алматы қаласының № 2 балалар үйі (математика, ағылшын тілі)
  • Алматы қ. жағдайы төмен отбасыларға арналған №10 интернаты (ағылшын тілі)
  • Астана қаласының балалар үйлері (ҰБТ-ға дайындық, математика, биология, орыс және қазақ тілдері)

Балалар жақсы нәтижелерді көрсетеді, мысалы тілдер бойынша грамматикаларын біршама көтерді және тілдік қорларын кеңейтті. Оларға әсіресе оқу процесінің мектептегідей емес, заманауи әдістермен өткізілетіні қатты ұнайды. Оқытушылардың профессионалдық біліктілігі маңызды рөлді ойнайды, мұғалімдер әр баламен жеке айналысады.

Қор оқу материалдарын сатып алады, курстарды төлейді.

Жобаның әр кезеңдегі демеушілері: Жаңа Зеландияның Елшілігі, «Gourmet» кулинарлық клубы, сонымен қатар Қордың бокстарына жеке тұлғалардан келіп түскен қаржылай көмектері. Жаңа демеушілер пайда болған жағдайда балаларға арналған білім беру курстарының тізімі біршама көбеюі мүмкін.

Жоба жаңалықтары

1461026905_12321385_1251631664865763_4975937281833814831_n
04.04.2016 г. | 318
Ағылшын тілін оқу

№2 балалар үйінің тәрбиеленушілері былтырғы жылдан бері ағылшын тілін тереңдетіп оқып жүр. Қор Macmillan English баспасынан шыққан заманауи оқу материалдарын сатып алды. Ағылшын тілін жақсартуға тілек білдірген балалар (!) аптасына …