Би студиясы

Алматылық №9 сөйлеу қызметі бұзылған балалар оқитын мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінен тұратын екі топ бишілерге аптасына үш рет кәсіби хореограф Марат Бекбергеновпен би үйренуге мүмкіндіктері бар. Би студиясы 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

№9 интернатта таңдай немесе еріннің туа біткен жырықтары (қасқыр ауыз немесе қоянжырық) нәтижесінде пайда болған сөйлеу қызметінің күрделі бұзылыстары, кекештіктің ауыр түрі немесе психикалық дамуында тежелісі бар балалар оқиды.

Бимен тұрақты айналысу балалардың физикалық дамуын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге есту және сөйлеуді оңалтудың күшті түрі болып табылады, балаларда өздерінің күштеріне деген сенімдерін арттырады!

№9 интернаттың би ұжымы Қордың қолдауымен әрдайым қалалық және республикалық фестивальдар мен сайыстарға қатысады, олар әрқашан сапалы хореографиялық би, әдемі костюмдер, бірдей және әдемі қозғалыспен көзге түсіп, ерекшеленеді! Сол себепті ұжым көп рет Қазақстандағы ең танымал сайыстардың жеңімпазы және лауреаты атанды, соның ішінде «Жұлдызай», «Мейірім», «Алмалы» және басқа да секілді сайыстар.

Кейбір балалар үшін би тек қызығушылық қана емес, сонымен бірге кәсіпке де айналды. Мектепті бітірген кейбір ең дарынды түлектер өздерінің би және хореографиямен оқуларын кәсіби, профессионалдық деңгейде жалғастырды.

Біздің секциямыздың үлгісі мүгедек балалардың дарындары көп екендігін көрсетеді, бірақ бұл дарындар көріну үшін ерекше қолдауды қажет етеді. Өнер және спорт арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кәсібін таңдау жолдарын біршама кеңейтуге болады!

Би секциясының түрлі кезеңдерде демеушілері ҚР Спорттық би федерациясы, LVMH компаниясы, жеке тұлғалар болды. Қазір бишілер ұжымы өзінің өнер саласындағы дамуын жалғастыру үшін жаңа демеушіні іздестіруде!

Жоба жаңалықтары

18056899_1625387657490160_1019698378724755520_n
24.04.2017 г. | 222
Таза жеңіс!!!

Жаңа таланттарды табу мақсатында Алматыда 3-18 жастағы балаларға арналған жыл сайынғы Show Time 2017 би конкурсы өтті. Жарияланған «Стрит дэнс» және «Эстрадалық шоу» екі номинациясы бойынша №9 мектеп-интернат атынан қатысқан …

1417309980_10614251_944737882221811_3108377421506680883_n
30.11.2014 г. | 290
Бізге жаңадан қосылған талантты балалар!

Алматыдағы сөйлеу қызметі бұзылған балалардан құрылған бишілер ұжымына  5 жыл болды! Бұл уақыт ішінде «9-планета» деп аталатын топ көптеген жеңістерге, жетістіктерге жетті. Топ құрылғанда бастапқы кезде билеген балалардың  басым бөлігі, …

1397265604_img_5249
12.04.2014 г. | 316
Планеталар биі

«Тоғызыншы  планета» атты би тобымызда жаңа демеуші бар – Қазақстан Республикасы Спорттық би  Федерациясы, басшысы Мақпал Карибжанова ханым! Топта Алматы қаласы №9 мектеп-интернатының  сөйлеу қызметінің ауыр бұзылыстары бар  балалары жаттығады. …