Балалар театры

Инклюзивті театр студиясы «Дара» қорының қолдауымен Астана қаласының №65 мектептің жанында саңырау және нашар еститің балалары жалпы білім беретін сыныптардың балаларымен қатар сахналық шеберлікке үйренуі мақсатымен ашылды. Жыл сайын студияда жас режиссер мен актер Ілияс Даньяровтың жетекшілгімен 30 бала оқиды. Ілияс елордада «Аттракцион» жастардың альтернативті театры аясындағы қызметімен де белгілі. Балалар театрының барлық сабақтарында нашар еститін балаларға қолдау көрсету үшін сурдо-оқытушы көмектеседі.

Репетиция барысында балалар мәтіндерді айтуға, бет қимылын салуға көп жаттығады, бұл жаттығулардың тілдік және есту машықтарын дамытуға көп септігі тиеді. Ата-аналары мен мұғалімдерінің айтуынша, театрдағы сабақтар балалардың сөздерді дұрыс айтуына көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар балалар ашыла түсіп, өздеріне деген сенімдері артқан.

Жұмыс істеген уақыттың ішінде Балалар театры көпшілік назарына кәсіби сахнадан екі мюзикл көрсетіп үлгерді: 2014 жылдың сәуір айында «Мэри Поппинс» мюзиклі аншлакпен өтті, бұнда басты рөлді  4 деңгейдегі кереңдік диагнозы бар бала орындады. Ал  2016 жылы екінші спектакль – Рональд Дальдің пьесасы «Матильда» көрсетілді, бұл туынды бір «ерекше» қыз және оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы туралы баяндайды.

Алғашқы көрсетілім «Мэри Поппинс» мюзиклі көрермендердің көңілінен шықты және Қазақ Драма театрының, Горький атындағы Орыс театрының және мектептің өзінде бірнеше рет көрсетілді. Екінші спектакль Назарбаев Университетінің сахнасында көрсетілді және көрермендер мен БАҚ-тан оң бағалар алды.

Балалар сахнада үлкен қызығушылықпен ойнайды, олар рөлге тыңғылықты дайындалады, мұқият жаттығады және өз кейіпкерлерінің үлкен мәтіндерін жатқа айтады. Біздің театрымыздың әр қойылымы – бұл шығармашылық, қарым-қатынас және нағыз дарын ешқандай тосқауыл мен шектеуді білмейтіндігінің тура дәлелі!

Инклюзивті театр студиясының әр кезеңдегі демеушілері Астанадағы Финляндия елшілігі, Pop-Up Shop Astana, сонымен қатар Қордың бокстарына жеке тұлғалардан түскен қаржылай көмектері болды. Қазір біз жаңа оқу жылында Балалар театрының сабақтары жалғасын табу үшін жаңа демеушілерді іздестіріп жатырмыз.

Жоба жаңалықтары

23795126_1855056307856626_1974230430045272147_n
25.11.2017 г. | 56
Алматы қаласының №9 мектеп-интернатының шығармашылық студиясының таланттары

Cөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған № 9 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері өте дарынды балалар! Би студиясында жаттығулардан және конкурстарда көрсетілімдерден басқа, олар суретті жақсы салады әрі кіші сыныптар үшін жиі музыкалық қойылымдар …

WhatsApp Image 2017-11-21 at 11.43.40
22.11.2017 г. | 68
№ 65 мектептің инклюзивті студиясында жаңа оқу жылы!

№ 65 мектеп-гимназиясындағы біздің инклюзивті театр студиясы сабақтарының жалғасқанына міне осымен үшінші апта өтуде. Биыл бізге жаңа мұғалім келіп қосылды! Наталья Лысенко – 2011 жылдан бастап М.Горький атындағы Ресей академиялық …

WhatsApp Image 2017-11-21 at 11.43.38
19.11.2017 г. | 73
Театр болсын!

Бүкіл жаз бойы біз өзіміздің инклюзивті театрдың болып болмауы туралы мәселені шештік. Біріншіден, қаржыландыру мәселесі тұрды, сонымен қатар біздің тұрақты режисеріміз Ильяс Данияровтың бізбен бірге жұмыс істей алып алмайтынын түсіну …