Басты бет / Жобалар / Дарындарды дамыту / Ауруханалық клоундар

Ауруханалық клоундар

Күлкітерапия — психотерапияның ең жас және болашағы зор әдістерінің бірі, ол жылдан жылға бүкіл әлемде кең танылып келеді, себебі күлкі — бұл табиғи емдеуші механизм. Әсіресе ол ұзақ уақыт емдеу мекемелерде болатын балаларға өте қажет. Көбіне ауыр науқаспен күресіп жүрген балалар мен олардың ата-аналары емделуден басқа, ойнап, шаттанып, даму қажет екендігін ұмытып кетеді!

Осындай балалардың өмірін, олардың балалық шағын бақытты және  емделу мүмкіндігін жоғары нәтижеге әкелу идеясымен біз 2007 жылдан бастап «Ауруханалық клоундар» жобасын жүзеге асырып келеміз. Жоба Қазақ мемлекеттік циркінің кәсіби әртістерімен серіктесіп жұмыс істейді, әртістер ай сайын Қордың демеушілерінің көмегімен Алматы қаласының медициналық және оңалту мекемелерінде өз өнерлерін көрсетеді.

Көптеген жылдар бойы біз баратын мекемелердің тізіміне балалар онкологиясының ауруханалары мен бөлімдері кіретін, бірақ қалада ауруханалық клоунада және еріктілер клубтарының әртүрлі жобалары санының артуына байланысты біздің Қор өзінің көмегін қазіргі таңда назар аз бөлінетін мекемелерге аударды: «Балбұлақ» оңалту орталығы және «Шымбұлақ» туберкулезге қарсы шипажайы.

Балалар үшін ай сайын иллюзионистер, акробаттар, жануарлардың жаттықтырушысы және көрермендердің сүйіктілері – клоундар өз өнерлерін көрсетеді! Көрсетілімге тірі қолтырауын, жыландар, попугайлар және тіпті аю да қатысады! Бір бала өз уақытында «Сіздермен ауырған көңілді!» деп айтқан болатын.

Осыдан басқа жоба ауруханаларда ойын бөлмелерін жабдықтаумен тұрақты түрде айналысады: Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒИИ балалар бөлімдерінде, «Шымбұлақ» шипажайы,  «Балбұлақ» Орталығы және басқа мекемелерде ойын бөлмелері жабдықталған. Мерекелік шараларға орай жоба сонымен бірге осы мекемелердің балаларына дамыту мен шығармашылық жинақтарын, кітаптарды, дамытатын ойындар мен ойыншықтарды сыйлайды.

Ай сайын жылдың жылы мезгілінде еліміздің түкпір-түкпірінен келетін «Балбұлақ» оңалту орталығының науқастары Алматы қаласы бойынша және Алматылық зоопаркке саяхатқа барады! Осылайша, күлкі терапия балаларға орасан зор әсер береді және шаттандырады!

Жоба жаңалықтары

20915167_1756365967725661_7824879337413877018_n
21.08.2017 г. | 192
Жазғы мерекелер

Тамыздың екінші жартысында өткен жазғы күндерде бізде «Шымбұлақ» туберкулезге қарсы диспансерінің балалары мен «Балбұлақ» РБОО балаларына арналған мерекелер өткізілді! 17 тамызда «Шымбұлақ» залдарының бірінде мереке қарсаңында 3-13 жас аралығындағы 50 …

1434515936_img_5971
02.06.2015 г. | 286
Зоопарк

Жаз маусымы басталды да, біздің балалармен бірге Зоопаркке саяхатымыз жандандырылды. Бұл балалар «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығында емдеу курсын өтіп жатыр. Ай сайын қордың қолдауымен 50 бала және олардың 20 …

1425271432_img_0883
27.02.2015 г. | 255
Оларға қолтырауынды алып келді

Біз балаларды таң қалдырғанды жақсы көреміз! Өткен жолы біз «Онкология және радиология» ҒЗИ-дің пациенттері мен персоналдарын нағыз аюды (!) әкеліп, таң қалдырғанбыз.  Ал бұл жолы «Шымбұлақ» туберкулезге қарсы шипажайында балаларды …