Арт-студиялар

Біз Астанада № 65 мектептің есту қабілеті бұзылған балалар және қарапайым сынып оқушылары үшін инклюзивті көркемөнер студиясын құрдық. Сабақтар аптасына үш рет «Құланшы» қазіргі өнер орталығында өткізіледі, бұл жерде балалар шығармашылық атмосфераға толық ене алады. Студияның жетекшісі – кәсіби суретші, «Құланшы» Орталығының директоры Айгүл Тегжанова.  Студия 2013 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді.

Оқу барысында балалар бейнелеу өнерінің әртүрлі тәсілдерін игеріп, тамаша суреттерді салады және тіпті танымал туындылардың репродукциясын да бейнелейді. Балалардың жұмыстары елорданың галереяларында және  ойын-сауық орталықтарында көпшілік назарына бірнеше мәрте ұсынылды. Біздің жас суретшілеріміз өздерін тіпті кәсіби иллюстратор болып та сезініп үлгерді, себебі олардың суреттері балалар ертегілері кітабына  басылып шықты.

Студиядағы оқудың арқасында екі түлегіміз Төлеубек Ерхан және Сәлімжанова Кәмила өздерінің болашақ мамандықтарын өнермен байланыстырды: бейнелеу өнері және дизайн факультеттеріне түсті. Үлкендердің  жетістіктері кішкентай балалақайларға өздерінің дарындарын дамытуға шабыт береді. Жыл сайын студияға түзету және инклюзивті сыныптардың балалары өнерге деген үлкен қызығушылықпен келеді.

Біздің екінші арт-студиямыз Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде өтеді. Мұнда мүгедек балалар, дамуында әртүрлі бұзылыстар бар, Даун синдромы, ақыл-есі кем, БСА және басқа аурулары бар балалар, сонымен қатар ата-анасы жоқ балалар тұрады. Бұл балалар үшін сурет салу сабақтарының үлкен терапиялық мәні бар және сол себепті олармен сабақты арт-терапевт Самал Саттарова жүргізеді. Қарапайым суреттер арқылы балалар өздерінің сезімдерін, эмоцияларын білдіреді және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа үйренеді.

Біздің студияларымыздың үлгісі мүгедек балалардың дарындары көп екендігін көрсетеді, бірақ бұл дарындар көріну үшін ерекше қолдауды қажет етеді. Шығармашылық және спорт арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кәсібін таңдау жолдарын біршама кеңейтуге болады! Сонымен бірге сурет салу мүгедек балалар үшін оңалту және арт-терапияның тамаша түрі болып табылады.

Әр кезеңде жобаның демеушілері болғандар: Астанадағы Финляндияның Елшілігі, Әсел Нұраханова. Сонымен қатар Қордың бокстарына дара тұлғалардың қаржылай көмектері көмектесті.

Жоба жаңалықтары

21951083_1792189367476654_3351042595781250210_o
26.09.2017 г. | 103
Инклюзивті өнер студиясында жаңа оқу жыл

Kulanshi ArtCenter-дегі біздің инклюзивті арт-студияның жұмысы жаңартылды. №65 мектептің коррекция және жәй сыныптарындағы балалар бейнелеу өнерін үйренуді бастады. Бірден күрделі натюрморт салуға кірісіп кетті! Биыл студияның демеушілері Астана қаласының тұрғындары …

Инклюзивная арт-студия в галерее Куланшы_16
05.11.2015 г. | 314
Сұлулықты ести білу

Міне, үшінші жыл бойы Құланшы галереясындағы біздің инклюзивті арт-студия жұмыс істеп жатыр, мұнда құлағы естимейтін балалар оқиды.  Биылғы оқу жылында студияға жоғары сыныптағылардың табыстарына қанаттанған  бастауыш сыныптардың  балалары келді. Себебі …

1
02.04.2014 г. | 290
Жас әрі талантты

14 жасар Әділ Нұрдәулет бірінші күннен біздің инклюзивті арт-студияда сурет салумен шұғылданады. Оған сурет салу өте ұнайды және оның суреттері жақсы. Финляндия елшілігінің көмегі арқасында ол және  оның 11 құрдасы …