Басты бет / Жобалар / Әртүрлі және тең / Түзету кабинеттері

Түзету кабинеттері

Барлық балалар дарынды және толыққанды білім алу мен дамуға бірдей құқылы, ал мамандардың уақытылы және кәсіби көмегі кез келген баланың өмірін жақсы жаққа өзгертуі мүмкін және кемел, бақытты болашаққа мүмкіндік бере алады, әсіресе — мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі үшін бұл маңызды.

Қазақстанда 150 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Қазіргі уақытта олардың ішінен тек 27%-ы қарапайым мектепке барып жүр. БҰҰ-ның Балалар қорының мәліметтері бойынша, Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар балалардың  3 және 6 жас арасындағы 67%-ы мектепке дейінгі мекемелерге бармайды.

Көбінесе дамуында өз ерекшелігі бар сәби дүниеге келген отбасы өз проблемасымен жеке қалып қояды, ары қарай сәбиді қалай өсіріп, не істерін білмей қалады. Ал біздің еліміздегі ерекше бала және оның отбасы кәсіби түзету көмегін мекенжайы бойынша ала алатындай болып жұмыс істейтін арнайы ұйымдардың саны, өкінішке орай, жеткіліксіз.

Осылайша ерекше баласы бар отбасы оған білім беру және кәсіби көмек көрсету үшін оны интернатқа жіберуге немесе онымен бірге көмек көрсетілетін қалаға көшуге, не үйден оқытуға ауысуға мәжбүр болады. Кей жағдайда бала тіптен білім процесінен тыс қалады. Әр балаға тек білім ғана емес, сонымен бірге кішкентай кезінен толық даму, өз құрдастарымен қарым-қатынас және әлеуметтендіру қажет.

Толыққанды және сапалы өзгерістерді жүзеге асыру үшін «Дара» Қоры 2014 жылы бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтары (кабинеттері) жүйесін кеңейту және заманауи жабдықтау бойынша жобаны қолға алды.

ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ – кез келген ерекше бала және оның отбасы үшін дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог сияқты мамандардан сапалы көмек алуға мүмкіндігі болатын арнайы мекемелер.  Балаларға және олардың отбасыларына тегін қызмет көрсетіледі және мекенжайы бойынша беріледі. Біздің стратегиялық мақсатымыз – осындай орталықтарды осындай ерекше баласы бар отбасыларға қолжетімді жақын орналастыру.

Тағы басқа фотоларды қарау »

ЖОБА ГЕОГРАФИЯСЫ: Жоба мақсаты – әр облыстық орталықта ең аз дегенде бір орталықтан ашу, соның ішінде Астана және Алматы қалаларында. Екі жылда жоба шеңберінде Қазақстанның 9 қаласында орталықтар ашылды, олардың көбісінде мұндай түзету мекемелері болмаған. Бүгінгі таңда жоба 1800 ерекше баланы қамтиды, осылайша кейбір қалаларда түзету-оңалту қызметтерін алуға тұратын кезек екі есе азайған. Жобаның алдағы жоспарында ең аз дегенде Қазақстан бойынша 8 Орталықты ашу. Сонымен бірге, жоба ашылған түзету кабинеттерін жабдықтаумен де айналысады: Алматы, Астана және Талдықорған қалаларында мемлекет ашқан Түзету кабинеттерін жиһазбен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Жоба мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жүзеге асырылатынын атаған жөн. Жергілікті атқарушы билік органдары осындай орталықтардың ашылуына үлкен қызығушылық білдірді және жалпы білім беру мектептерінің базасынан тегін үй-жайларды берді. Қор өз кезегінде үй-жайларды бейімдеу және кедергісіз орта құру және материалдық-техникалық жабдықтау жұмысын атқарады. Демеушілер жағынан біздің бастамамызды ең бірінші болып «Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобалар қоры қолдады және үш жыл ішінде олардың көмегімен 6 Орталық ашылды. Кейін осы жобаға басқа да қазақстандық компаниялар және жеке тұлғалар қосылды. Ашылғаннан кейін орталықтар жергілікті бюджеттердің балансына өтетіні және қамтамасыз етілетіні, осылайша жоба нәтижелерінің тұрақтылығы қамтамасыз етілетіні маңызды.


МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУ: жаңа орталықтардың қызметінің табысты болуының себебі қызметкерлердің кәсіби шеберлігінде. Осы сұрақтың маңыздылығын түсіне отырып «Дара» Қоры жыл сайын дамуында ақаулары бар балаларды оңалту және түзету жұмыстарының бағыттары бойынша халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен көптеген оқыту семинарлары мен мастер-кластарды өткізеді. Жоба қызмет еткен осы уақыттың ішінде мамандар үшін 15 осындай оқыту семинарлары өткізілді. Семинарлардың арқасында біздің орталықтарда көптеген әдістер мен тәсілдер апробациядан өтті және қолданылды, соның ішінде: KID/RCDI баланың дамуының кешенді бағалануы, физикалық терапия, ата-аналарды психологиялық қолдау және оқыту клубтары, психомоторика, ерте араласу, соның ішінде ойын қызметі арқылы. Осындай семинарларды тәмамдаған мамандар өз алдына алған білімдерімен өздерінің аймағындағы, жақын қала және ауылдағы әріптестерімен бөлісетіні маңызды. Біз Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үздіксіз және сапалы болу керек деп сенеміз, себебі мамандардың кәсіби өсуі түзету жұмыстарының тиімді, және ең бастысы нәтижелі болуына тікелей байланысты.

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ: баланың дамуында отбасы маңызды рөл атқарады. Біздің Орталықтардың мамандары ерекше балалардың ата-анасына көмекті жүзеге асыруға, әсіресе, психологиялық көмекті беруге  ерекше көңіл бөледі. Біздің орталықтарда ата-аналарды балалармен өткізілетін сабақтарға қатыстырады. Ата-аналарға қолдау көрсету клубтары тұрақты түрде жұмыс істейді, бұл ата-аналарда жиналып қалған шаруаларға уақыт бөлу үшін 2-3 сағатқа баланы мамандарға қалдыруға мүмкіндік болу үшін істелген. Дамуында ақаулары бар балалардың отбасыларына берілген уақытылы және сапалы көмек мүгедек балаларды тастап кетуді азайтудағы профилактика.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: Жобаның қолдауымен ашылған орталықтар тек сапаны жақсарту мен түзету қызметтерінің кеңінен қамтылуына  негізгі орын ғана емес, сонымен бірге мүгедектік проблемасына жаңа прогресивтік қатынастың қозғаушы күшіне да айналды. Осылайша, олар баланың және оның отбасының әлеуметтік белсенділігін арттырып, оның өзінің жолын табуға және тұлға ретінде өсуіне жол береді. Осы жылдан бастап жұмыс істейтін Орталықтардың орта мектептерге мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді енгізу үшін әдістемелік қолдауды беру бойынша жұмысы алға қойылады. Біз жоба шеңберінде ашылған орталықтар біздің елімізде инклюзивті білімді жүзеге асыру үшін шын мәнінде ресурстар болуға үлкен мүмкіндігі бар екендігіне сенеміз.

ЖОБА ДЕМЕУШІЛЕРІ:

  • Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Астана, Тараз және Өскемен қалаларында — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар Қоры
  • Қызылорда қ. —«ҚОР» мұнай компаниясы» АҚ
  • Құрық ауылы – «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС
  • Алматы қ. — «Fashion for Charity» аукцион демеушілері
  • Талдықорған қ. — Әйелдердің халықаралық клубы және «Бернс кеші» шарасының демеушілері

Сонымен бірге демеушілер көмегімен Орталықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр:

  • Алматы – демеушілер жеке тұлғалар
  • Атырау және Павлодар қ.— «East Trade Solutions» ЖШС
  • Қостанай —

Жоба жаңалықтары

26814643_1914474575248132_500637454148542813_n
18.01.2018 г. | 35
Шымкенттегі жаңа жылдағы бірінші ППТК-ның ашылуы!

Бүгін керемет жаңалықтар күні! Біріншіден, Шымкентте көптен күткен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды! Бұл біздің тұрақты әріптесіміз «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауымен, «Әр-алуан, бірақ тең» жобасының шеңберінде ашылған сегізінші …

25552116_1883947378300852_3177742443211950245_n
20.12.2017 г. | 82
Жаңа ППТК мен Ресурстық Орталықтың ашылуы!

Бүгін Алматыда Білім басқармасымен бірлесе отырып, №174 жалпы білім беретін мектеп базасында жаңа Түзету Кабинеті мен инклюзивті білім берудің Ресурстық Орталығы салтанатты түрде ашылды. Біз үшін бұл инклюзияны дамытудың жаңа …

WhatsApp Image 2017-11-29 at 16.34.37
29.11.2017 г. | 349
Шахтинск қаласында алғашқы түзету кабинетінің ашылуы

Біздің 18-ші! Бүгін Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы түзету орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл түзету кабинеті қаладағы алғашқы және қазіргі таңда жалғыз болып табылады, бірақ қазір арнайы білім беру қажеттіліктері …