Әлемді ашамыз

Қазақстанда зағип балаларға және көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларға қолдау көрсету және оларға арналған мекемелер үлкен қолдауды қажет етеді. Мысалы, Астанада 2014 жылға дейін зағип балаларға арналған бірде бір арнайы түзету мекемелері, балабақша немесе мектеп болмаған. Қор елордада бұл жағдайды өзгертуге көмектесуді шешті.

2014 жылы Қордың қолдауымен көзі нашар көретін және мүлдем көрмейтін балалар үшін түзету кабинеті ашылды.

2015 жылы ең алғаш №10 мектеп-гимназияда зағип балалар үшін дайындық сыныптары ашылды.

Демеушілердің көмегімен дайындық сыныптары мектеп жиһазымен, арнайы әдебиеттер мен оқулықтармен, рельефті-нүктелік жазба және Л.Брайль шрифті бойынша оқуды үйренуге арналған жинақтармен, арнайы құрал-жабдықпен (оның ішінде Брайль шрифтімен басатын принтермен) және қағазбен жабдықталған.

Елорданың әртүрлі мекемелерінің дефектолог-педагогтары да Қор ұйымдастырған арнайы семинарда Л.Брайль шрифті бойынша жазу және оқу әдісіне арнайы оқытылды.

Қор бұл жоба бойынша жұмысты зағип балаларға арналған білім мүмкіндіктерін кеңейтуді тек Астанада ғана емес, басқа қалаларға кеңейту мақсатымен жалғастырып келеді. Брайль тіліндегі оқу материалдарын сатып алу және өндіру, сонымен бірге балалардың әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуі үшін үй-жайлар мен көшедегі алаңқайларды жабдықтау  қажеттілігі бар.

Жобаның негізгі демеушісі Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG компаниясы, сонымен бірге Astana Food Festival үлесі және Қордың бокстарына келіп түскен көмектер қолданылды.

Жоба жаңалықтары

26229670_1907409745954615_8460484827148118116_n
11.01.2018 г. | 25
№10 мектепте голбол бойынша сабақтар

Өткен жылдың күзінен бастап біз №10 мектепте зағип және көру қабілеті нашар оқушыларға голбол ойнау бойынша сабақтар ұйымдастыруға көмектесіп келеміз. Голбол – бір команданың қарсыластың қақпасына бекітілген қоңыраумен допты салатын …

25552101_1885920641436859_8550596397685370459_n
22.12.2017 г. | 44
Аяз Ата Брайль шрифтін біледі!

Бүгін біз астаналық №10 мектептің зағип балаларға арналған арнайы сыныбында оқитын ақылды әрі өте дарынды оқушыларды құттықтадық. Балалар ән шырқады, өлеңдер айтты, би биледі және Аяз Атаны асыға күтті! Олар …

25151928_1873847612644162_6672441472695321683_n
12.12.2017 г. | 41
№10 мектептің мұғалімдеріне арналған голбол бойынша тренинг

Бүгін Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясындағы, көру қабілеті бұзылған балалар оқитын түзету сыныптарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған ГОЛБОЛ-дан тренинг өтті. Жаттықтырушы Асланова Елена Витальевна, Қарағанды қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған …