Күлкі сыйла

«Дара» қоры көптеген жылдар бойы сөйлеу қызметі бұзылған балаларға арналған алматылық №9 мектеп-интернатымен жұмысы шеңберінде «Күлкі сыйла» акциясын жүзеге асырып келеді. Акцияға бет-жақсүйек ақаулары бар және бетке операциядан кейін тыртықтары бар балалар қатысады. Бұл мектепте «қасқыр ауыз» немесе «қоянжырық» (таңдай және еріннің жырықтары) сияқты туа біткен патологиялары, сонымен қатар кекештіктің ауыр түрлері нәтижесінде туындайтын сөйлеудің ауыр бұзылыстары бар балалар оқиды.

Бұндай аурулар жағдайында хирургиялық шараларды кішкентай кезінен істейді, және ауыр жағдайларда бір емес бірнеше операция жасалады. Ерін және таңдайдың анатомиялық дефектісі 3 жасқа тәмам жойылады, бұл кезеңде балада сөйлеу процесі түзіле бастайды. Кері жағдайда оның сөйлеуінде айырмашылықтар болады, сипатты «маңқалық» интонация пайда болады. Қазақстанда бұндай операциялар кепілдендірілген медициналық көмек көлемінде тегін жасалады.

Алайда операциядан кейін бетте көрінетін тыртықтар қалады. 3 жастан 7  жасқа дейін баланың келбетін жақсарту мақсатымен қосымша косметикалық операциялар және тыртықтарды тегістеу жасалған дұрыс деп есептеледі. Егер мұндай операциялар уақытында жасалған болса балалар мектепке таман толықтай оңалуы мүмкін және қарапайым жалпы орта мектебіне бара алады. Баланың өзінің психикалық және ақыл-ой дамуы бойынша өзге балалардан ешқандай айырмашылығы жоқтығына байланысты бұл мәселе тіпті маңызды.

Алайда косметикалық операциялар мен тегістеу тегін медициналық көмектің көлеміне кірмейді, ал олардың бағасы болса өте жоғары келеді. Көптеген отбасылардың бірқатар қымбат процедураларды істеуге қаржылық жағдайы жоқ, осының салдарынан тек баланың келбеті ғана емес, оның сөйлеуінің оңалуы, психологиялық жағдайы да осыдан жапа шегеді.

2009 жылдан бастап Қор «Дарус» медициналық орталығымен серіктесіп  №9 мектеп интернатының көмекті қажет ететін балаларына қайырымдылық операцияларды жасап келеді. Жыл сайын бірнеше бала косметикалық және стоматологиялық процедураларды алады. 2011 жылы демеушілердің көмегінің арқасында бірнеше балаға Новосібір қаласында пластикалық хирургия көмегін алуға мүмкіндік туды.

«Күлкіні сыйла» жобасының аясында көмек алған көптеген балалар Қордың шығармашылық студиялары мен би үйірмелерінің қатысушылары. Олардың өздеріне деген сенімдерінің күшеюі мен жоғарылауы нәтижесінде олардың шығармашылық мүмкіндігі мен оны жүзеге асыруы да жоғарылайды.

Жоба жаңалықтары

1255338212_p9290007
23.01.2016 г. | 335
Қуаныш сыйла!

«ДАРА» қоры және  «ДАРУС»  медициналық орталығы «Дәнекер» жобасының аясында №9 жалпы білім беретін арнаулы түзету мектеп-интернатында оқитын сөйлеуінде ауыр бұзылыстар бар балаларға көмектесуді шешті. Бұл арнаулы мектепте сөйлеу мүшелерінің ауыр …

1416129919_image-15
14.11.2014 г. | 330
Санжардың тарихы

Достар, сіздерге  кішкентай Санжардың тарихын айтқымыз келеді. Санжар одан басқа екі ұлы бар отбасында дүниеге келді. Ата-аналары көп еңбек еткендеріне қарамастан, өкінішке орай, балаларын балабақшаға беруге немесе күтуші жалдауға олардың  …

1307948561_image004
23.05.2011 г. | 349
«Күлімде» операциясы балалардың өмірін өзгертеді

23–25 мамырда Новосибирскі қаласында «Күлімде» деп аталатын халықаралық медициналық қайырымдылық акциясы өтті. Новосибирскіде жетінші рет өткізіліп отырған бұл іс-шара барысында бет-жақсүйек ақаулары бар балалар тегін медициналық көмек алды. Олардың ішінде …