Күлімдеу күні

1 маусым – бұл тек балаларды қорғаудың халықаралық күні ғана емес, сонымен бірге жазғы демалыстың басталатын, ұзақ оқу жылынан кейінгі көптен күткен демалыс уақытының басталатын кезеңі. Көп жылдар бойы «Дара»  қоры «Аяла» қорымен бірлесіп Алматы қаласы және Алматы облысының тәрбиеленушілеріне арнап мамыр айының соңғы күндерінде көлемді мерекелік шара ұйымдастырады. Біз оларды жазғы демалыстың бастлауымен және оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтаймыз!

Бұл күні балалар Алматыдағы ең ірі аттракциондар саябағына барады: уақытты көңілді өткізіп, барлық атракциондарды тегін қолданады, оларға арнап концерт және тәттілер, балмұздақ пен басқа да көптеген тосынсыйлар ұйымдастырылады.

2007 жылдан бастап «Күлімдеу күні» қаланың жақсы дәстүріне айналды және балалар бұл шараны жыл сайын асыға күтеді! Біз Сіздерді осы шараға қосылуыңызды және қуанышты қатты күтетін балаларға оларды сыйлауға шақырамыз!

Бұрынғы жылдары «Күлімдеу күнінің» демеушілері көптеген мекемелер болды, соның ішінде тамақ өнімдерін және сусындарды өндірушілер бар, ал «Алматының қиял әлемі» көптеген жылдар бойы мерекенің сенімді әріптесі болып келеді. Жетім балаларға арналған Күлімдеу күнін өткізу үшін демеушілер мен еріктілерді шақырамыз!

Жоба жаңалықтары

1402032386_img_7317
02.06.2014 г. | 263
Алда жаңа «Күлімдеу күні»!

29 мамырда қор Алматы қаласының және облыстың балалар үйі тәрбиеленушілері үшін жыл сайын өткізілетін «Күлімдеу күнін» жетінші рет өткізді. Алматыдағы «Қиял әлемі» саябағында өткізілген бұл іс-шараға 600-ге жуық бала қатысты. …

1307509773_image008
27.05.2011 г. | 325
«Күлімдеу күні» жақсы дәстүрге айналып келеді.

Жаздың басында балалар мекесінің алдында «Дара қоры», «Аяла» қайырымдылық қорлары және Қайырымдылық ұйымдар Ассоциациясы (ҚҰА) «Күлімдеу күні – 2011» іс-шарасын өткізді. Биыл төртінші жыл ұйымдастырылып отырған бұл іс-шара балалар үйінің …

1276584618_img_5626
27.05.2010 г. | 344
Күлімдеу күні

Бұл мерекені балалар үйі мен мектеп-интернаттардың ұл-қыздары асыға күтеді. 27 мамырда «Алматының қиял әлемі» саябағында «Күлімдеу күні» үшінші рет өткізілді. Оны ұйымдастырушылар бұрынғыдай «ДАРА», «АЯЛА» қайырымдылық қорлары. Қалыптасқан дәстүрге сай …