АртСпортФест

АртСпортФест» фестивалі  – бұл ерекше балаларға арналған алғашқы инклюзивті бірден-бір фестиваль. Фестиваль барысында балалар сахнада өнерлерін көрсетіп, көңілді сайыстарға қатысып, спорт және өнердің әртүрлі мастер-кластарында көптеген жаңа нәрсені үйрене алады. Фестиваль Қордың ұйымдастыруымен Астана қаласында 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты – тең мүмкіндіктер қоғамын құру және ерекше қажеттілікті талап ететін балалардың арасында «Бұл менің қолымнан келеді» тәсілін енгізу. Көптеген параолимпиядалық чемпиондардың үлгісі – мүмкіндігі шектеулі адамның алдында кездесетін орасан қиындықтарға қарамастан, жеңіске жету мүмкін екендігінің нағыз дәлелі.

Баланың өзіне деген сенімі мен мықты рухының арқасында, оның дарынын дамыту үшін арнайы жағдай жасалса, сондай-ақ жақындарының қолдауымен мүмкіндіктері шектеулі балалар спортта да, өнер де үлкен жетістіктерге жете алады.

Фестиваль барысында балалар спорт және өнердің әр түрі бойынша 15-20 шеберлік сыныптарына қатыса алады, оның ішінде: футбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі, дартс, боулинг, фрисби, шашка мен шахмат, тоғызқұмалақ, көркем гимнастика, гуашьпен сурет салу, мандалмен, балшықпен  жұмыс, хэндмэйд, қынамен сурет салу, асфальтқа бормен сурет салу, шашты өру және аквагрим.

Шеберлік сыныптарымен қатар, фестивальде балалар мен қонақтар ерекше балалардың күшімен дайындалған концертті тамашалай алады, онда кеш кейіпкерлері би және вокалдық өнерлерін көрсетеді.

Фестиваль жақсы дәстүрге айналды және жыл сайын оған төмендегі елордалық білім мекемелерінің 200-300 ерекше балалары қатысады:

  • № 1 және №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері
  • №65 мектеп лицейдің инклюзивті және түзету сыныптары
  • №10 мектептің зағип балаларға арналған түзету және дайындық сыныптарының оқушылары
  • № 64 «Асыл бөбек» балабақшасы
  • Арнайы түзету мектеп-интернаты

Жоба жаңалықтары

IMG_9647
14.05.2017 г. | 279
АртСпортФест 2017!

ArtSportFest – бұл спорт, білім және шығармашылық мерекесі! Бүгінгі фестиваль аясында 20-дан астам мастер-класс өткізілді !!! Бізге жас ғалым Исаак Мустопуло, футбол жаттықтырушысы Марина Волкова келді, біздің жұлдыз Лизочка Хижняк, …

boGCCRNj0kg
20.05.2014 г. | 274
АртСпортФест — 2014!

30 мамырда Астана қаласында «Дара» қоры «АртСпортФест-2014» қайырымдылық фестивалін өткізді. Бұл ерекше балаларға арнап ұйымдастырылған бірінші инклюзивті фестиваль. Фестиваль барысында балалар сахнада өнер көрсетіп, көңілді старттарда жарыса алады, спорт пен …