24232712_1865698313459092_3532454801626930112_n

«Тең-теңімен» жобасы аясында жаңа кездесу

Достар, біздің «Тең-теңімен» жобамыз естеріңізде ме?

Демалыс күндері Астанадағы №59 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушылары серіктесіміз KPMG in Kazakhstan and Central Asia еріктілерімен бірге @artspace.astana студиясына барып, өте жақсы суреттер салды. АРТ терапиясын БАРЛЫҒЫ, әсіресе үйде оқытылатын арнайы білім беру қажеттілігі бар оқушымыз Зере ұнатты. Ол және оның сыныптастары үшін мұндай кездесулер тек көңіл көтеру мен дамуға ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасап, бір-бірінен көп нәрсе үйренуге мүмкіндік береді.

«Ал келесі жолы Зеремен қайда барамыз?» деп жиналыстан кейін балалар қызығушылық танытты. Біз бұны естігенімізге әрі балалардың Зеремен қалай қарым-қатынас жасайтынына  өте қуаныштымыз. Бұл шағын қадам, мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыруда, үлкен маңызға ие болуы мүмкін деп есептейміз.

KPMG in Kazakhstan and Central Asia еріктілеріне, @schoolbus_astana-ға, @artspace.astana коучтеріне жобамызды қолдағандары үшін алғысымызды білдіреміз!

«Тең-теңімен» жобасы («Peers to peers») Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.