Басты бет / Қор туралы / Құрылтайшысы және қамқоршылық кеңес
Құрылтайшысы
Досаева Гүлнар Есенгелдіқызы

Досаева Гүлнар Есенгелдіқызы – «Дара» жеке қайырымдылық қорының жалғыз құрылтайшысы. Қордың жұмысы Гүлнар Есенгелдіқызының сәбилер үйіндегі, балалар үйіндегі балаларға және мектеп-интернаттардағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесемін деген үлкен ниетінен басталды.

Бұл идея Қайырымдылық қорының құрылуына ұласты, қор үш филиалға бөлініп, балаларға көмек көрсетуде түрлі бағытта жұмыс істейді.

Гүлнар ханым 1975 жылдың 1 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келді. 1991 жылы Алматыдағы ағылшын тілін терең оқытатын №105 мектебін алтын белгімен бітірді. 1995ж. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Халықаралық қатынастар» факультетіндегі «Мұнайбизнес» мамандығы бойынша тәмамдады. 1995 — 1996жж. аралығында ҚазМБА-ның «Халықаралық қатынастар» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 1996 жылдан 2001 жылға дейін – Финляндияның Қазақстан Республикасындағы Сауда Палатасының Сауда Кеңесшісінің көмекшісі. 2001 жылдан бастап «G&G» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды. 2005 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге «G&G Glamour» АҚ Вице-Президенті және «Дара» қорының құрылтайшысы болып табылады. Тұрмыста, үш баласы бар.

Қамқоршылық Кеңес

Қамқоршылық Кеңес мүшелері:
  • Бырбаева Гүлнар
  • Сауранбаева Гаухар
  • Гүлнар Досаева  («Дара» Қорының жалғыз құрылтайшысы)

Кеңес Төрағасы басқаратын Қамқоршылық кеңес қордың қызметінің оның Жарғылық мақсаттарына  сәйкестігін, сонымен бірге Қордың Жарғысымен бекітілген өзге де өкілеттіктердің жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді.

Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне келесі мәселелер жатады:
  • Қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылау;
  • Қор қызметінің маңызды мәселелері бойынша ұсыныстарды анықтау;
  • Қор қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
  • Жалпы жиналысқа қордың жарғысына өзгерістер және қосымшалар енгізу бойынша ұсыныстарды дайындау;
  • Қордың атқарушы органын бекіту.