Басты бет / Қор туралы / Қордың миссиясы және құрылымы
«Дара» қорының миссиясы балалар медициналық мекемелеріне, балалар үйлеріне, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттарға бағытталған жобаларды жүзеге асыру болып табылады. «Дара» жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың және науқас балалардың өмір жағдайларын жақсарту және даму мүмкіндігін кеңейту үшін қызмет етеді. 

Біз барлық балалар дарынды және білім мен дамуға бірдей құқыққа ие деген нақты сенімге иеміз. Сол себепті біздің жобаларымыздың көбісі балалардың шығармашылық машықтарын қалыптастыруға, дамытуға, өз кәсібін алуға, оңалтуға және қолдауға бағытталған. Сонымен бірге, Қор мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балалардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша заңнаманы және тәжірибені жақсарту бойынша ұсыныстарды даярлауға қатысады, реформаларды іске асыруда басқа қоғамдық ұйымдармен бірге ынтамақтастықта жұмыс істейді.

Қордың екі филиалы бар – «Дара Алматы» және «Дара Астана» . Барлық филиалдар Қордың ортақ стратегиясына сәйкес өзінің географиялық аумағында және кең көлемде қарамағындағы балалар мекемелеріне көмек көрсете отырып жұмыс істейді.

«Ықыластарыңызға рахмет»

 

Қайырымдылық қорының жобалары туралы қысқаша мәліметті  ақпараттық брошюрамыздан біле аласыз.