Басты бет / Қор туралы / Қордың қызметкерлері

Қордың қызметкерлері

Мәдина Бакиева
Президент

Қорды 2013 жылдан бастап басқарып келеді. Ірі халықаралық ұйымдардағы көмек көрсету, коммуникациялар және PR бағдарламаларын даярлау және жүзеге асыру саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Орталық-Еуропалық Университеттің политология магистрі деңгейіне және ҚазМУ халықаралық қатынастар дипломына ие.

Айнаш Қасенова
Филиал директоры, Алматы

Филиалды ашылған күнінен, 2010 жылдан бері басқарып келеді. Қордың бірқатар сәтті жобаларының авторы. Мамандығы заңгер, жүрек қалауы бойынша филантроп. Халықаралық ұйымдарда жұмыстан көп жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта академиялық демалыста.

Айнұр Аймурзина
Директор филиалы, Алматы

Филиалда 2013 жылдың маусым айынан бастап қызмет атқарады. Бірқатар жобаларды бақылауды тамаша жүзеге асырып келеді, сонымен бірге серіктестер мен бенефециарлармен байланысты жүзеге асырады. ҚазМУ халықаралық қатынастар дипломы бар,  сонымен бірге «Психология негіздері» мамандығы бойынша аттестаты бар. Қазіргі таңда филиал директоры міндетін атқарып келеді.

Марал Шешембекова
Жоба менеджері, Астана

Қордың мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығы және инклюзивті білім беру саласы бойынша жобалар координаторы. Халықаралық ұйымдарда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуы бойынша 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Жобаларды даярлау және басқару бойынша үлкен тәжірибесі бар.

Алия Султанова
Жоба менеджері, Астана

Назарбаев Университеті «Білім берудегі менеджмент» мектебінің магистранты, Индиана университеті «Фулбрайт» бағдарламасының стипендиаты. Білім саласындағы зерттеу жұмыстарымен қатар, халықаралық мекемелердегі тәжіребесі мол. Филиалда 2017 жылдың тамыз айынан бастап,  «Әр-алуан бірақ тең: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасында қызмет атқарып келеді.

Әйгерім Мырзатілеуова
Бухгалтер-менеджер, Астана

Филиалда 2013 жылдың тамыз айынан жұмыс істейді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады. Бухгалтер ретінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Сертификатталған «ҚР кәсіби бухгалтері».

Сәуле Бексултанова
Менеджер көмекшісі, Астана

«Әр-алуан бірақ тең» жобасында жұмыс жасап жатыр. Әлеуметтік және қоғамдық- саяси мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулерді жасау бойынша  тәжірибесі мол. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықаралық қатынастар дипломына ие. Сонымен қоса қаражат бакалавр атты деңгейі бар.

Айзада Арыстанбек
Жоба ассистенті, Астана

Назарбаев Университетін 2016 жылы «саясаттану және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады.  Мәскеу қаласындағы Экономика Жоғарғы Мектебін көпшілік саясаттану және адам құқықтары  бойынша магистр дәрежесін 2018 жылдың маусым айында алады. Филиалда 2017 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс жасайды. Коучинг, Корпоративтік тәлімгерлік және инклюзивті арт және театр студиялары жобаларымен айналысады.

Гүлжадыра Бекенова
Жоба ассистенті, Астана

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне және Психология мамандығы дипломына ие. Әртүрлі білім беру мекемелерінде балалар психологы ретінде практикалық тәжірибесі бар. 2017 жылдың тамыз айынан «Тәлімгер» жобасында жұмыс жасайды.

Сара Қазыбаева
Жоба менеджері, Алматы

Алматыда жобаларды жүзеге асырады, бенефициарлармен байланыс жасайды.

Айжан Жанаева
Бухгалтер, Алматы

Коммерциялық құрылымдарда, соның ішінде шетелдік компанияларда бухгалтер қызметі бойынша 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Білімі — С.М.Киров атындағы ҚазМУ.