Басты бет / Көмек жолдары / Корпоративтік серіктестік

Үлкен нәтижелер мен өзгерістерге жете алатын ірі жобалар көбінесе ірі демеушілермен және корпоративтік серіктестермен әріптестікті қажет етеді. Қор корпоративтік серіктестікке қатысты икемді саясатты жүргізеді және егер олар Қордың жалпы миссиясына қарсы келмейтін болса компанияның әлеуметтік саясатына және оның жеке басым бағыттарына толықтай сәйкес келетін жобаларды әзірлеуді ұсына алады. Қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында Қор жобаны басқарудың үздік тәжірибесіне және халықарлық ұйымдар деңгейіндегі талаптарға сәйкес жобаны әзірлей алады және жүзеге асыра алады.

Астанадағы Қордың Филиалы Маңғыстау облысының Құрық ауылындағы әлеуметтік көмек жобасын жүзеге асыру бойынша «Ерсай» компаниясымен корпоративтік серіктес. «Ұласу» атты жоба Құрық ауылының балаларына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру, медициналық және мәдени ортаны жақсарту үшін арнайы әзірленді. Жоба шеңберінде «Дара» Қоры бағдарламаларының ең жоғары жетістіктері тәжірибені беру үшін және жергілікті қоғамның әлеуетін жоғарылату үшін қолданылады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бағыты бойынша Қор «Самұрық Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қорының «Астана» СК-мен корпоративтік серіктестік орнатты. «Самұрық қазынамен» серіктестікте «Дара» Қоры еліміздің түрлі аймақтарында мүгедек балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашуды қолдау және мүмкіндігі шектеулі балалармен әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру бойынша «Әртүрлі және тең» жобасын жүзеге асырады.

Ортақ іс-шаралар мен акцияларды өткізу жолымен жүретін тұрақты әріптестік Haileybury Astana халықаралық мектебімен, QSI мектебімен, «Мирас» және ХҮКБ мектептерімен жүзеге асырылады. Қордың шараларын өткізуге «Хас Санат» өнер галереясы әрдайым қолдау көрсетеді.

2013 жылғы гранттық конкурстардың нәтижесі бойынша Қор сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Финляндия Елшілігінің («Қазақстанда инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін жағдайларды құру» жобасы) және Жаңа Зеландия Елшілігінің («Табыс жолы» жобасы) әлеуметтік саласы бойынша жобаларды жүзеге асыруға гранттың иегері болып табылады.