Басты бет / Көмек жолдары / Онлайн-қайырымдылық

Біз 2014 жылдан бастап «Қазақстан Халық банкінің» процессинг орталығымен бірге біздің серіктестеріміз бен достарымызға жаңа мүмкіндікті бастадық – «Дара» Қорының сайты арқылы кез келген банктің картасымен қайырымдылық жарнасын аудару. Аударма тез және қауіпсіз жүзеге асырылады.

Көмектескім келеді

Сіз сома мен төлем мерзімдерін өзіңіз таңдай аласыз, сонымен қатар қайырымдылық үшін Қордың демеушілеріне арналған нақты бір жобаны таңдай аласыз. Сіздің сұрауыңыз бойынша біз қаражатты жұмсау бойынша толық есепті сізге ұсынуға дайынбыз.

Бұл – балаларға көмектескісі келетін, бірақ уақыты аз немесе қаражаты шектеулі адамдар үшін ыңғайлы әдіс. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, кішкентай жарна арқылы Сіз игі істерді істей аласыз.

Бұл әлемнің көптеген дамыған елдерінде жеке тұлғалар үшін қайрымдылық қызметін жүзеге асырудың өте танымал әдісі, және Қазақстанда карталық жүйенің дамуымен бізде де кең таралып келеді.

Жақсылықты бірге істейік!