Басты бет / Көмек жолдары / Біз кімге көмектесеміз?

Ұйым негізгі жұмысты балалар мен жасөспірімдер, өз отбасыларының қарауынсыз қалған балалар мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және басқа қайырымдылық қорлары қызметінің саласына салады.

Қор Миссиясына негізделе отырып, көмек жетім және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, емдеу, оңалту және бос уақыты жағдайларын жақсарту үшін бенефициар-ұйымдарға жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор мұқтаж балаларға жеке көмек көрсетпейді және емдеуге қаражат ұсынбайды. Астанада Қор келесі мекемелерге және олардың қамқорындағы балаларға көмектеседі:

1. № 65 мектеп-гимназиясы жанындағы есту қабілеті бұзылған және БЦС бар балаларға арналған түзету және инклюзивті сыныптар

Қазіргі уақытта мектепте мүмкіндіктері шектеулі 100-ден астам бала оқиды. Сыныптар №65 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан, балалар қалыпты балалармен қатар кіріктірілген ортада болады. Түске дейін балалармен жалпы білім беру сабақтары жүргізіледі, сабақтан кейін өнерпаздық және шығармашылық үйірмелері өтеді.

Көрсетілетін көмек:
  • Мамандандырылған сурдологопедтік жабдық алу
  • Бастауыш және орта мектеп балалары үшін түзету оқу әдебиеттерін сатып алу
  • Мектеп ансамблі үшін қажетті би киімдерін тігу
  • Сыныптан тыс өнер үйірмелерін ұйымдастыру: театрстудиясы, БӨстудиясы
  • Арнайы оқулықтар мен әдістемелік құралдар алу;
  • Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді оқыту және біліктіліктерін арттыру;
  • Балалардың медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру (экскурсиялар, арт-терапиякурстары, спортчемпионаты, кинофестиваль)Ғимараттарды жөндеу және декорациялау жүргізілді
  • Дамытушы және әдістемелік материалдар алу
  • Жабдық алынды (Дельфа, Мультикид, ЕДШ жаттығу құралдары, әдістемелік материалдар)
  • Монтессори кабинетін ашу жоспарлануда
  • Балалар үйінің тәрбиеленушілерін психологиялық қолдау жобасын іске асыру, балалар үйінің болашақ түлектерін жеке тәлімгерлік (коучинг) бағдарламасы.
  • Бос уақыт бағдарламасын дамыту
  • Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жаңа киім беру
  • Ерте дамудың жетекші әдістері бойынша заманауи GYMBOREE Даму орталығында Сәбилер үйі тәрбиеленушілері үшін тұрақты ай сайынғы сабақтар ұйымдастыру
  • Балалар үшін мерекелер мен іс-шаралар өткізу
  • Тәрбиеленушілерге жаңа киімдер мен сыйлықтар (дамытушы ойыншықтар) беру

2. Маңғыстау облысы, Қарақиян ауданы Құрық ауылының мүмкіндіктері шектеулі балалар

Құрық ауылының № 6 орта мектебінде ПДІ және БЦС диагнозы бар 26 бала оқиды, олардың үшеуі үйден оқиды.

«Ұласу» жобасы шеңберінде көрсетілетін көмек:
  • Арнайы оқулықтар мен әдістемелік құралдар алу;
  • Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді оқыту және біліктіліктерін арттыру;
  • Балалардың медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру (экскурсиялар, арт-терапиякурстары, спортчемпионаты, кинофестиваль)

3. №10 ОМ жанындағы көру қабілеті бұзылған балалар үшін түзету сыныптары

Мектепте түзету сыныптарында көру қабілеті бұзылуының әр түрлі диагнозы бар 187 бала оқиды:  142 оқушыда гиперметропия, амблиопия, қылилық, 27 оқушыда миопия, 19 бала әр түрлі туылғаннан патологиялары бар балалар. Жабдықтың жеткіліксіздігінен арнайы түзету емдеуі екі аптадан шағын топтар бойынша жүргізіледі.

Көрсетілетін көмек:

Сондай-ақ мектепке заманауи әдістемелік және оқу әдебиеттерін, сондай-ақ көруді түзету үшін қымбат бағалы емдеу жабдығын алуда көмек қажет.

4. Астана қ. Әкімдігі жанындағы «№1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» ММ

2013 жылғы тамыздан бастап қызмет етеді. Балаларды мемлекеттік квота негізінде қабылдайды. Бірнеше мамандардың (логопед, дефектолог, психолог, хореограф, емдік дене шынықтыру бойынша маман және басқалары) психологиялық-педагогикалық қызметтері көрсетіледі. Ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала 3 айдан бір жылға дейін созылатын арнайы сабақтар курсынан өтеді.

Көрсетілетін көмек:

Кабинеттің тиімді жұмысы үшін қосымша әдістемелік жабдық (Эдуплей) және дамушы және оқу әдебиеті қорын жаңарту қажет.

5. Астана қ. №1 Балалар Үйі

Мұнда 4-17 жас аралығындағы 150 бала тәрбиеленеді. Осы жылы Балалар Үйіне Басқа балалар Үйінің соңғысының жабылуына байланысты 40 бала ауыстырылды. Баспанада тұрақты және уақытша қамқорлықтағы балалар тәрбиеленеді.

Көрсетілетін көмек:
  • Балалар үйінің тәрбиеленушілерін психологиялық қолдау жобасын іске асыру, балалар үйінің болашақ түлектерін жеке тәлімгерлік (коучинг) бағдарламасы.
  • Бос уақыт бағдарламасын дамыту
  • Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жаңа киім беру

6. Астана қ. Сәбилер үйі

Мұнда 2 айдан 4 жасқа дейінгі аралықтағы шамамен 50 бала тұрады, олардың 30% мүгедек болып табылады. Қазіргі уақытта Балалар үйінде күрделі жөндеу жүргізілуде. Балалар Үйі аумағында сондай-ақ Сенім Үйі бар, әлеуметтік жетімдікті алдын алу және әр түрлі өмір жағдайларына байланысты ананың баладан әлеуетті бас тартуын жою мақсатында ана мен баланың бірлесе тұруы жүргізіледі.

Көрсетілетін көмек:
  • Ерте дамудың жетекші әдістері бойынша заманауи GYMBOREE Даму орталығында Сәбилер үйі тәрбиеленушілері үшін тұрақты ай сайынғы сабақтар ұйымдастыру
  • Балалар үшін мерекелер мен іс-шаралар өткізу
  • Тәрбиеленушілерге жаңа киімдер мен сыйлықтар (дамытушы ойыншықтар) беру