25552101_1885920641436859_8550596397685370459_n

Аяз Ата Брайль шрифтін біледі!

Бүгін біз астаналық №10 мектептің зағип балаларға арналған арнайы сыныбында оқитын ақылды әрі өте дарынды оқушыларды құттықтадық.

Балалар ән шырқады, өлеңдер айтты, би биледі және Аяз Атаны асыға күтті! Олар өздері, Брайльде, оған хат жазған болатын.

Аяз Ата KPMG in Kazakhstan and Central Asia қызметкерлері болды. «Әлемді ашамыз» жобасы басталғалы, компания ерекше балаларға зор қолдау көрсетіп келеді және KPMG қызметкерлерінің өздері бұл заттардан тыс қалып жатқан жоқ. Міне осымен екінші жыл олар балалардың жаңа жылдық тілектерін орындап, сыйлықтар жасап, Брайльда жауап хат жазып келеді.

Балалар мен Қор атынан біз KPMG-ге және барлық қызметкерлеріне алғыс айтамыз, оларға жаңа жылда бақыт пен табыстар тілейміз!

Костюм-шоу жасаған №2 ППТК  командасына ерекше алғысымызды білдіреміз!