26000846_1888961477799442_6787779661879251152_n

Алматыдағы Pampers Drive!

57000-ға жуық памперстен жасалған тауды елестете аласыз ба? Бұл өте көп!

Бұл біздің Pampers drive акциясы аясында Алматы оқушылары жинаған памперстердің саны. Біз Алматыдағы және Алматы облысындағы үйлерге, әрі балалар үйлеріне, сондай-ақ қаланың перзентханаларына тасымалдауды бастадық.

Тамос Эдьюкейшн мектебінің, «Тұран» лицей-мектебінің және «Мирас» халықаралық мектебінің мейірімді және керемет оқушыларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Ал сол уақытта біз «Туран» мектебінің шырша шарларын безендіру бойынша мастер-кластағы ең жас жеңімпаздармен бірге тамаша уақыт өткізген болатынбыз!